17 НАУРЫЗ — ШАҢЫРАҚ КҮНІ. ӘЖЕ ЕРТЕГІСІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 17 НАУРЫЗ — ШАҢЫРАҚ КҮНІ. ӘЖЕ ЕРТЕГІСІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ
17
март
2026

17 НАУРЫЗ — ШАҢЫРАҚ КҮНІ. ӘЖЕ ЕРТЕГІСІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ

🏡 17 НАУРЫЗ — ШАҢЫРАҚ КҮНІ.
ӘЖЕ ЕРТЕГІСІ – ТӘРБИЕ КӨЗІ 

⚜️«Наурызнама» онкүндігінің әр күні ерекше мәнге ие. Бүгін, 17 наурыз — Шаңырақ күніне орай мектебіміздің кітапханасында жылулық пен тағылымға толы «Әжемнің ертегілері» атты іс-шара өтті.

⚜️Шаңырақтың берекесі мен әулеттің ұйытқысы болған әжелеріміздің өнегесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл кездесу 4-сынып оқушылары үшін нағыз рухани қазына болды.

⚜️ Кездесудің құрметті қонағы ретінде мектебіміздің 
«Әжелер мектебінің» белсенді мүшесі  ҚОСАЕВА ГҮЛНАР ДУЛАТБЕКОВНА қатысты.

⚜️ Әже балаларға қазақ халқының ғажайып ертегілерін майын тамыза айтып беріп, оқушыларды мейірімділікке, батылдыққа және ана тілін құрметтеуге шақырды.

⚜️ Балалар қиял әлеміне еніп, ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты саяхат жасады.
 
⚜️Ұйымдастырушылар:
мектеп кітапханашылары ЖУНУСОВА АНАР АЛИМЖАНОВНА және ОМАРОВА МАХАБАТ ДАРХАНБЕКҚЫЗЫ.

🏘️ ӘР ҮЙДІҢ ТҮТІНІ ТҮЗУ ШЫҒЫП, ҮЛКЕНДЕРДІҢ АҚЫЛЫ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ КҮЛКІСІ ҮЗІЛМЕСІН!