"QURAQ KORРЕ PARTY" АТТЫ СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "QURAQ KORРЕ PARTY" АТТЫ СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА ӨТТІ
09
апрель
2026

"QURAQ KORРЕ PARTY" АТТЫ СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА ӨТТІ

⚜️ "QURAQ KORРЕ PARTY" АТТЫ СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА  ӨТТІ 

♻️ Апталық аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері КОШЕРБАЕВА ЖАНАР ЖУМАГЕЛЬДИНОВНА мен АЯПБЕРГЕНОВА МЕРУЕРТ АКАЕВНА  мектебіміздің қыздар клубы мүшелерімен "QURAQ KORPE PARTY" атты сыныптан тыс шара ұйымдастырды. 

♻️ Сайыстың МАҚСАТЫ: 
🔅қазақтың дәстүрлі қолөнері - құрақ құрау өнерін насихаттау, 
🔅ұлттық салт - дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыру, 
 🔅қолөнер шеберлігін шыңдау,
 🔅ынтымақтастық пен бірлікті нығайту.

♻️ Сайыс барысында топтар өз өнерін паш етті, салт-дәстүрлерді насихаттады, сөз мәйегі - мақал- мәтелдермен жарысты, құрақ көрпе тігіп, оның маңызын, қолданысын, ерекшелігін, түстік қолданысын айтып, өз жұмыстарын қорғады.

♻️ Сайыстың НӘТИЖЕСІНДЕ 🥇10-сынып оқушылардан құралған "Шабыт" тобы 1-орын, 
🥈9-сынып оқушылар тобынан құрылған "Алтын ине" тобы 2-орын,
 🥉ал 9-сынып оқушылардан  құрылған "Креативті құрақ" тобы жүлделі 3-орынға ие болды.