29
апрель
2026
АКАДЕМИК АХМЕТ ЖҰБАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА– 120 ЖЫЛ!
🎶 АКАДЕМИК АХМЕТ ЖҰБАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА– 120 ЖЫЛ!
🎼 Қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы, көрнекті композитор, дирижер әрі зерттеуші Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына биыл 120 жыл.
🎼 Осы айтулы датаға орай мектебімізде 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ музыкасының ақсақалы» атты танымдық сабақ өтті.
🎼 Мектеп кітапханашысы ЖУНУСОВА АНАР АЛИМЖАНОВНА және музыка пәнінің мұғалімі АКСАКОВА БАЛЫМ МАКАНОВНА оқушыларға ұлы тұлғаның ғибратты ғұмыры мен қазақ өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі туралы баяндады.
🎼 Сабақ барысында Ахмет Жұбановтың күйлері мен шығармалары тыңдалып, композитордың қазақ оркестрін құрудағы еңбегі мен «Ғасырлар пернесі» еңбегі жайлы қызықты мәліметтер айтылды.
🎼 Оқушылар ұлттық аспаптар мен күй өнері туралы білімдерін ортаға салды.
🎼 «Музыка – халықтың жаны, оның тарихы мен болашағының айнасы».