ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ «БАЛДӘУРЕН» тобы өрт сөндіру бөліміне арнайы экскурсия » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ «БАЛДӘУРЕН» тобы өрт сөндіру бөліміне арнайы экскурсия
14
июнь
2026

ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ «БАЛДӘУРЕН» тобы өрт сөндіру бөліміне арнайы экскурсия

🌈 ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ 

🚒 Мектебімізде "ДОСТЫҚ" жазғы демалыс лагерінің «БАЛДӘУРЕН»  тобы өрт сөндіру бөліміне арнайы экскурсия жасап, нағыз батырлардың — құтқарушылардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты! 

♻️ Экскурсия барысында балалар:
🚫 Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске түсірді;
🚨 Төтенше жағдай кезінде өзін қалай ұстау керектігін үйренді;
🧑‍🚒 Өрт сөндірушілердің арнайы киімдері мен құрал-жабдықтарын жақыннан көрді.

♻️ Ең қызықтысы — бүлдіршіндер алып өрт сөндіру көліктерінің ішіне мініп, мамандарға көкейде жүрген қызықты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

♻️ Балалардың қуанышында шек болмады! 
Қауіпсіздік ережелерін бала кезден білу — өмірлік маңызды дағды. 

♻️ Бізге есігін айқара ашып, қызықты экскурсия ұйымдастырған өрт сөндіру бөлімінің ұжымына АЛҒЫСЫМЫЗ шексіз!


#abai_jazgy_demalys_2026