9-СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9-СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ!
15
июнь
2026

9-СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ!

🎓 БІЛІМДІ ҰРПАҚ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ!

9-СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІНЕ НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ! 

2026 жылдың 15 маусым күні мектебіміздің 9-сынып оқушылары негізгі орта буынды ойдағыдай аяқтап, қолдарына 9 жылдық қажырлы еңбек пен білімнің айғағы — аттестаттарын алды!

Сынақтар артта қалды. Мектеп қабырғасындағы мемлекеттік емтихандардың барлығын оқушыларымыз сәтті тапсырып, өздерінің білімді, ізденімпаз әрі мақсатшыл екендіктерін дәлелдей білді.

Қымбатты біздің түлектер!

Ұстаздар ұжымы сіздерді алғашқы үлкен белестеріңізбен шын жүректен құттықтайды! Алдағы күндеріңіз бен жарқын болашақтарыңызға ақ жол тілейміз. Қандай таңдау жасасаңыздар да, қанаттарыңыз талмай, биік шыңдардан көріне беріңіздер! Еліміздің мақтанышы болыңыздар!

ЖОЛДАРЫҢЫЗ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕКТЕР!


#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма