Маяковский атындағы орта мектеп базасында ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ шарасы өткізілді. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Маяковский атындағы орта мектеп базасында ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ шарасы өткізілді.
31
март
2026

Маяковский атындағы орта мектеп базасында ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ шарасы өткізілді.

🚨Маяковский атындағы орта мектеп базасында ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ шарасы өткізілді.
 
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, терроризм қаупі туындаған жағдайда оқушылар мен педагогикалық ұжымның дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін жетілдіру болып табылады.

📌Жаттығу барысында мектеп ұжымы мен оқушыларға шартты түрде террористік қауіп жағдайында эвакуация жүргізу тәсілдері, шұғыл шешім қабылдау және қауіпсіз аймаққа көшу тәртіптері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар нақты жағдайдағы әрекет ету бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындап, қауіпсіздік шараларын бекіте түсті. 

📢Аталған шара терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі ретінде ұйымдастырылды.