ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ: БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ: БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ
07
сентябрь
2026

ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ: БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

💊ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ: БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

✅ Мектебімізде мектеп оқушылары арасында тұмаудың алдын алу мақсатында АО ДСБ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” ШЖҚ КМК
медициналық қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

✅ Арнайы келген мамандар оқушыларға тұмау ауруының белгілері, жұғу жолдары және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңінен мәлімет берді. 

✅ Түсіндіру барысында мамандар жеке бастың тазалығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, қолды жиі сабындап жуу,  бөлмелерін желдету, дұрыс тамақтану, дәруменге бай тағамдарды тұтыну және жеткілікті ұйқының ағза иммунитетін көтеретіні түсіндірілді.

✅ Сонымен қатар, мамандар тұмаудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертті.

✅ Қоғамдық орындарда маска тағу, жөтелгенде және түшкіргенде беторамал қолдану мәдениеті де оқушыларға түсіндіріліп,  оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық парақшалар таратты.

✅ Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың денсаулығын сақтап, тұмаудың таралуын болдырмау болды.