ТАЗА МЕКТЕП – ТАЗА АЙМАҚ! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
сентябрь
2026

ТАЗА МЕКТЕП – ТАЗА АЙМАҚ!

🌳 ТАЗА МЕКТЕП – ТАЗА АЙМАҚ!
 
Бүгін мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «ТАЗА МЕКТЕП – ТАЗА АЙМАҚ» экологиялық акциясы өтті.

📢 Ауқымды шараға 8-11 сынып оқушылары белсене қатысып, еңбекқорлық пен жауапкершіліктің нағыз үлгісін көрсетті.

🎯 Акция барысында:
🔅 Мектеп ауласы мен айналасындағы белгіленген аймақтар күл-қоқыстан тазартылды;
 🔅 Ағаштар түбі қопсытылып, жасыл желек күтімге алынды;
 🔅 Оқушылар арасында қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тазалық – босағадан басталады. Туған жерге, өскен ортаға деген сүйіспеншілік пен құрмет осындай игі істерден көрінеді.

Акцияға атсалысқан барша белсенді де жауапты ОҚУШЫЛАРЫМЫЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!