АҚЫЛ, БІЛІМ КІТАПТА, ЖЕТЕЛЕЙТІН МҰРАТҚА » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АҚЫЛ, БІЛІМ КІТАПТА, ЖЕТЕЛЕЙТІН МҰРАТҚА
23
сентябрь
2026

АҚЫЛ, БІЛІМ КІТАПТА, ЖЕТЕЛЕЙТІН МҰРАТҚА

📚 АҚЫЛ, БІЛІМ КІТАПТА, ЖЕТЕЛЕЙТІН МҰРАТҚА

⚜️ Мектебімізде "Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында
мектеп кітапханашылары мен «ЗЕЙІН» клубының белсенді мүшелері 5-сынып оқушылары арасында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің «ӘКЕ МЕН БАЛА» ертегісі негізінде танымдық іс-шара ұйымдастырды.

⚜️ Іс-шараның негізгі МАҚСАТЫ — оқушыларға шығарманың мазмұнын меңгерту, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау арқылы еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға, үнемшілдікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

⚜️ Іс-шара барысында оқушылар:
📖 ертегі бойынша сұрақтарға жауап берді;
🎭 кейіпкерлерді сомдап, өз шеберліктерін көрсетті;
⚡ «Блиц сұрақтар» кезеңінде жылдам әрі нақты жауап берді;
💭 «Ертегіден не түйдім?» тақырыбында кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісті.
Оқушылар белсенділік танытып, ертегінің тәрбиелік мәнін түсініп, өз ойларын еркін жеткізе білді.

⚜️ «Әке мен бала» ертегісі арқылы оқушылар еңбек ету, еңбектің қадірін білу және үлкендердің ақылын тыңдаудың маңыздылығын түсінді.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма