«СЕН МАҢЫЗДЫСЫҢ!» АКЦИЯСЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2026

«СЕН МАҢЫЗДЫСЫҢ!» АКЦИЯСЫ

🌿 «СЕН МАҢЫЗДЫСЫҢ!» АКЦИЯСЫ 

✅ 2 қазан – Халықаралық әлеуметтік педагогтар күні қарсаңында «Мейірім мен қолдау – әлеуметтік педагогтың басты құндылығы» тақырыбындағы іс-шара аясында мектебіміздің әлеуметтік педагогы ТЮЛЕГЕТАЕВА АСЕЛЬ ЖЕНИСПЕКОВНА «Сен маңыздысың!» атты акция ұйымдастырды.

🎯 Акцияның МАҚСАТЫ:
оқушыларға өздерінің мектеп ұжымы үшін маңызды екенін сезіндіру, әр баланың жеке тұлғалық құндылығын арттыру, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.

✅ Акция барысында оқушыларға жылы лебіздер мен қолдау сөздері айтылып, жағымды көңіл күй қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. 

✨ «Сен маңыздысың!» – әр баланың жүрегіне жылу сыйлайтын, мейірімділік пен қолдауды насихаттайтын акция.

✅ Әр бала өзін бағалы, маңызды және қажет сезінсін!
Мейірім бар жерде – қолдау бар, қолдау бар жерде – сенім бар.