«ЖАНУАРЛАРҒА СҮЙІСПЕНШІЛІК » ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ЖАНУАРЛАРҒА СҮЙІСПЕНШІЛІК » ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ
08
октябрь
2026

«ЖАНУАРЛАРҒА СҮЙІСПЕНШІЛІК » ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ

🐾 «ЖАНУАРЛАРҒА СҮЙІСПЕНШІЛІК » ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ 

✅ Мектебімізде «Жануарларға сүйіспеншілік» экочелленджі аясында «Жасыл клуб» үйірмесінің мүшелері «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырды.

🌿 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.

🐶 Іс-шара барысында оқушылар жануарларға деген мейірімділік пен жауапкершіліктің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, табиғатты қорғауға бағытталған түрлі жұмыстарға қатысты. 

✅ Өз шығармашылықтары арқылы жануарларға қамқор болу, оларды қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау керектігін көрсетті.

💚 Мұндай іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға, жан-жануарларға жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.

🌱 Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Жануарларға қамқорлық танытып, табиғатты бірге қорғайық!

👩🏻‍🏫 Жетекшісі: ҚАБЫЛБАЕВА АЙДАНА ӘДІЛҒАЗЫҚЫЗЫ.