14
октябрь
2026
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
📚 АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
⚜️ Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында ИМАНБАЕВА АҚМАРАЛ БОЛАТБЕКОВНА 5 “А” сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Асанқайғы Сәбитұлы. Асанқайғының жерге айтқан сыны» аңызы тақырыбында ашық сабақ өткізді.
⚜️ Сабақ барысында оқушылар Асанқайғының аңызын оқи отырып, оның әр өңірдің табиғатына, жер-су ерекшеліктеріне берген бағасы мен автор бейнесіне талдау жасады.
⚜️ Сонымен қатар түрлі тапсырмалар орындап, топтық жұмыстарға қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сабақта оқушылардың сыни ойлау, шығарманы талдау, өз пікірін дәлелдеу және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға басым назар аударылды.
⚜️ Ашық сабақ мазмұнды әрі танымдық бағытта ұйымдастырылып, оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.