«КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫ – 2026» » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫ – 2026»
16
октябрь
2026

«КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫ – 2026»

🍁👑 «КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫ – 2026» 👑🍁

🍂 Күз – береке мен мерекенің, әсемдік пен сұлулықтың мезгілі! 

🍂 Мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "ШАБЫТ" жобасы аясында және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, әсемдікке баулу мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы - 2026» атты мектепішілік байқау ұйымдастырылды. 

🍂 Байқау барысында оқушылар өздерінің өнерлерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, белсенділік танытты. Әр қатысушы ерекше дайындықпен келіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл- күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. 

🏆 Байқау қорытындысы бойынша «Күз ханзадасы мен ханшайымы» номинациясын 9 «Г» сынып оқушылары:

👸 Мухамеджанова Анель 
🤴 Кожевников Илья 

жеңіп алып, лайықты марапатқа ие болды! 

💐 Жеңімпаздарымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыттарыңыз шыңдалып, өнерлеріңіз өрге жүзе берсін!

🍁 Байқауға белсене қатысқан барлық оқушыларға және қолдау көрсеткен ұстаздар мен ата-аналарға АЛҒЫС білдіреміз!

✨ КҮЗДІҢ ӘР КҮНІ ҚУАНЫШҚА, ӘР СӘТІ ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІКТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛСЫН!