21
ноябрь
2026
«ЖАС ПРОКУРОРЛАР» КЛУБЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
⚖️ «ЖАС ПРОКУРОРЛАР» КЛУБЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
🇰🇿 Заң мен тәртіп – жарқын болашақтың негізі!
✅ Қазақстан Республикасы прокуратурасының 35 жылдығына орай, «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектебімізде «ЖАС ПРОКУРОРЛАР» клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Клуб қатарына 10 оқушы қабылданып, оларға арнайы бейджиктер тағылды.
✅ Бұл – жас буынның заңға құрметпен қарауына, әділдік пен жауапкершілікті ту етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосуына бағытталған маңызды бастама.
✅ «Жас прокурорлар» клубы оқушылардың құқықтық білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың бойында Отаншылдықты, азаматтық жауапкершілікті, әділдікке деген ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тәрбие алаңына айналмақ.
✅ Заңды құрметтеу – өз құқығыңды білуден, өз міндетіңді сезінуден басталады!
АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ЖАС ПРОКУРОРЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
#Абай_облысы_Жарма
#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма