«Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбында мәнерлеп оқу өтті
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, 11 қазан күні Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің арасында мәнерлеп оқудан «Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбында, қашықтан сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты балаларды Отанды сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйретуге бағытталды. Сайысқа ауданымыздың мектептерінен 32 тәрбиеленуші қатысып, нәтижесінде «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-сінің мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Серік Сырғалым жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды. Тәрбиешісі Байғалиева С.М. Жеңімпаздың алдағы уақытта да алар асулары биік болсын!