Оқушылар жетістіктері 2 » Страница 13 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық жас суретшілер шығармаларының көрмесі
17
сентябрь
2024
Республикалық жас суретшілер шығармаларының көрмесі
Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры ұйымдастыруымен өткен Республикалық жас суретшілер шығармаларының көрмесінде мектебіміздің «АRT-студия» үйірмесінің тәрбиеленушілері Кусайнова Даяна мен Хасенова Назеркенің суреттері 2023-2024 оқу жылы қорытындысы бойынша жоғары бағаланып, әрқайсысы 50 000 тг. сыйақымен марапатталды. Жетекшісі Б.С. Нурланов. Құттықтаймыз!#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі
07
сентябрь
2024
Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі
2024 жылдың 7 қыркүйегінде білім алушылардың қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылар арасында өткен Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне мектеп командасы, команда мүшелері Қаирбек А, Елчибекова А, Бекбосын А  қатысып, облыстық "Дарын" орталығының Сертификаттарымен марапатталып,   жетекшісі тарих пәні мұғалімі У.Ж.Омароваға Алғыс хат табысталды. #abayoblysy
"Кумитэ" және "Ката"бөлімінде облыстық турнир өтті.
13
июнь
2024
"Кумитэ" және "Ката"бөлімінде облыстық турнир өтті.
2024 жылдың 9 маусым күні   ""Қазақстандық жекпе-жек өнері Альянсы" РҚБ Жарма филиалында SO-KYOKUSHIN Kaikan KARATE бойынша "Кумитэ" және "Ката"бөлімінде облыстық турнир өтті. Нәтижесінде мектебіміздің оқушылары  Рыбаков Рустам, Мухамеджанова Анель, Иванишина Милана ІІ орын,  Амантаев Амир, Рыбаков Рамир, Рыбаков Дамир ІІІ орынды иеленсе,  Бритнер Анастасия мен Шарипов Нурали турнирдің чемпионадары атанды.  Бапкер Амангельді Мақсат Амангелдіұлына алғыс білдіреміз!Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді
«Бояулар құпиясы-балаларды қорғау күні"  тақырыбында өткен конкурс
31
май
2024
«Бояулар құпиясы-балаларды қорғау күні" тақырыбында өткен конкурс
Жас суретшілерге арналған "Білім айнасы" республикалық ғылыми-танымдық басылымның редакциясы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы-балаларды қорғау күні"  тақырыбында өткен конкурсына мектебіміздің 4- сынып оқушысы Жамиль Айзере қатысып, жүлделі ІІ орынға  ие болды. Жеңімпазымызды жеңісімен құттықтаймыз! #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы 
Со- киокушин кайкан каратэ бойынша " Шығыс жауынгері" атты ашық турнир өтті.
20
май
2024
Со- киокушин кайкан каратэ бойынша " Шығыс жауынгері" атты ашық
2024 жылдың 18 мамыр  күні Өскемен қаласында Со- киокушин кайкан каратэ бойынша " Шығыс жауынгері" атты ашық турнир өтті.  Аталған сайысқа  мектебіміздің   2 сынып оқушы Иванишина Милана  қатысып жүлделі І орынды жеңіп алды! Жарайсың , Милана! Құттықтаймыз! #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
Со-Киокушинкай каратэден өткен Бесқарағай ауданының ашық біріншілігі
18
март
2024
Со-Киокушинкай каратэден өткен Бесқарағай ауданының ашық біріншілігі
2024 жылдың 17 наурыз күні Со-Киокушинкай каратэден өткен Бесқарағай ауданының ашық біріншілігінде мектебіміздің 2 сынып оқушысы Иванишина Милана қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпазымызды  құттықтаймыз! Жетекшісі Амангелды Мақсат Амангелдыұлына алғыс айтамыз!!!!
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер деген атаққа ие болды
04
март
2024
Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер деген атаққа ие болды
Мектебіміздің мақтанышына айналған 8 сынып оқушысы Құмарбеков Бауыржан Жеңісұлы еркін күрестен жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер деген атаққа ие болды. Жарайсың Бауыржан! Бауыржанға  толағай табыстар мен спортттық жеңістер тілейміз.#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
«Тарихы тұнған өлке» облыстық байқауы өткізілді.
04
март
2024
«Тарихы тұнған өлке» облыстық байқауы өткізілді.
2024 жылдың 31.01- 29.02. аралығында Абай облысының өлкетану жасақтары арасында өлкетану мен туризмге қызығушылық танытатын, зерттеушілік қабілеттері жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында «Тарихы тұнған өлке» облыстық байқауы өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды: 1.    Ермек Аяла 7 «Ә» сынып оқушысы 2-орын (жетекшісі У.Ж.Омарова)2.    Асланбекқызы Айзере 6 «Г» сынып оқушысы 3-орын (жетекшісі В.Сатыбалдықызы)3.    Айтқұрман Аружан 9 «Б»
Теміржан Базарбаев атындағы ІҮ Халықаралық  фестиваль-байқауы
04
март
2024
Теміржан Базарбаев атындағы ІҮ Халықаралық фестиваль-байқауы
2-3 ақпанда Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК ұйымдасытыруымен өткен Теміржан Базарбаев атындағы ІҮ Халықаралық  фестиваль-байқауына мектебімізден әр номинация бойынша 4 оқушы қатысып: Сансызбаев Эмирхан  ІІІ-орын, Наурызбай Амантай ІІ-орын ( жетекшісі Б.М.Аксакова) Мейрамғали Бұлғын І-орын Жасұланова Айғаным І-орындарға (жетекшісі Д.М.Нүрпеисова)  ие болды. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
Альянс кубогының ашық аймақтық турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие  болды.
27
февраль
2024
Альянс кубогының ашық аймақтық турниріне мектебіміздің оқушылары
Астана қаласында өткен жауынгерлік Альянс кубогының ашық аймақтық турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие  болды.  Иванишина  Милана  1орын, Амантаев Амир 3 орын, Дюсюенгали Айзере  3 орын, Серік Айдарали 3 орын. Жеңімпаздарымызды және олардың  жаттықтырушысы Мақсат Амангелдыұлын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!  #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы