Тәрбие бағыты » Страница 101 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!” ЧЕЛЛЕНДЖІ
26
сентябрь
2025
“ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!” ЧЕЛЛЕНДЖІ
📌 “ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!” ЧЕЛЛЕНДЖІ ✅Мектебіміздің 2011 жылғы түлегі, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ олимпиада жеңімпазы, ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ -2010 САГИМБАЕВ ЕРКЕБУЛАН өзі білім алған Маяковский атындағы орта мектебінің ұстаздарына шынайы алғысын білдіріп, жүрекжарды құттықтауын жолдады.   ✅Ол ұстаздарының берген білімі мен тәлім-тәрбиесінің өмір жолындағы жетістіктеріне негіз болғанын ерекше атап өтті.   ✅ҰСТАЗЫНА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ШӘКІРТТІҢ БИІК АДАМГЕРШІЛІГІНІҢ КӨРІНІСІ. #Ұстаз_ұлт_шамшырағы_Абай_облысы
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!!!
26
сентябрь
2025
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!!!
🔔🔔🔔КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!!! ✅НУРМУХАМБЕТОВА ЖУЛДЫЗ ДАУЛЕТБЕККЫЗЫ 2 «Ә» сынып оқушыларының үзіліс уақытын көңілді әрі тиімді өткізу мақсатында қызықты  ойындар ұйымдастырды.  ✅Ойындар оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, сабаққа деген белсенділіктерін арттырды.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА
25
сентябрь
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА
📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА ✅2025 жылдың қыркүйек айының 25 күні мектебімізде “МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. ✅Жиналыстың мақсаты-ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайтып, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. ✅ Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды: 📌 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: мазмұны мен алгоритмі
“KITAP TIME – 2025” ФЕСТИВАЛІ
24
сентябрь
2025
“KITAP TIME – 2025” ФЕСТИВАЛІ
📚“KITAP TIME – 2025” ФЕСТИВАЛІ 📘Аудандық кітапханада өткен жалпы республикалық “KITAP TІМЕ – 2025” фестиваліне мектебіміздің 9-сынып оқушылары белсене қатысты. 📘Фестиваль барысында оқушылар кітап оқуға деген сүйіспеншілігін, әдебиетке қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.  📘Оқушыларымыздан құралған “БІЛІМ” тобы І ОРЫНҒА,  “ЫНТЫМАҚ” тобы ІІ ОРЫНҒА ие болды.  🎉ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #Ұлттық_сезім_Абай_облысы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ басталды
24
сентябрь
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ
📌 2025 жылдың 24 қыркүйегінен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған п, мектебіміздің оқушылары белсене қатысуда.
ЗАҢДЫ БІЛУ - БОЛАШАҒЫҢДЫ ҚОРҒАУ
24
сентябрь
2025
ЗАҢДЫ БІЛУ - БОЛАШАҒЫҢДЫ ҚОРҒАУ
📌ЗАҢДЫ БІЛУ - БОЛАШАҒЫҢДЫ ҚОРҒАУ ✅ Бүгін "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Заң және тәртіп" құндылықтары және "Заң мен Тәртіп" Концепциясы негізінде аудан прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шарасы өтті.  ✅ Осы шара аясында біздің мектебіміздің оқушылары аудандық сот жүйесінің тәртібімен және  жұмысымен танысып, профилактикалық түсіндірмелер алды. ✅ Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау және
ОБЛЫСТЫҚ «ЗАҢДЫ САҚТАУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?» ЭССЕ БАЙҚАУЫ
24
сентябрь
2025
ОБЛЫСТЫҚ «ЗАҢДЫ САҚТАУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?» ЭССЕ БАЙҚАУЫ
📚 ОБЛЫСТЫҚ «ЗАҢДЫ САҚТАУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?» ЭССЕ БАЙҚАУЫ ✅2025 жылдың 18 қыркүйегінде 9-10 сынып оқушылары арасында заңға құрметпен қарау, құқықтық сауаттылықты арттыру және ойды еркін әрі әсерлі жеткізу дағдыларын дамыту мақсатында «ЗАҢДЫ САҚТАУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?» тақырыбында ОБЛЫСТЫҚ эссе байқауы өтті. ✅ Байқау нәтижесінде 9 «Ә» сынып оқушысы ХАМИТ ІНЖУ жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды.   ✅ ЖЕТЕКШІСІ: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі СЕРИКҚАЗЫ ДИЛЯРА НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ 🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
23
сентябрь
2025
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
📌ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ  ✅Мектеп психологы УРАНОВА ТОҒЖАН СКАКОВНА 2-сынып оқушыларымен «Көңілді көңіл-күй құпиясы» атты сергіту ойындарын өткізді. ✅МАҚСАТЫ: балалардың көңіл-күйін көтеру, өзара достық қарым-қатынасты нығайту және сыныпта бірлік сезімін қалыптастыру. ✅ Оқушылар қызықты тапсырмалар орындап, белсенді ойындарға қатысты. Ойындар балалардың көңіл-күйлерін көтеріп қана қоймай, бір-біріне деген сенімі мен сыйластық қарым-қатынасын арттыруға ықпал етті. #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
23
сентябрь
2025
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
📌ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ✅23 қыркүйек күні мектеп психологы ҰЛЫБАЕВА АҚМАРАЛ ОТАНҒАЛИҚЫЗЫ балалардың интеллектуалды жан-жақты дамуы мен шыдамдылыққа, табандылыққа, мақсатқа жетуге баулу мақсатында бастауыш сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг элементтері бар жаттығулар ұйымдастырып өткізді.   ✅Тренинг барысында оқушылардың ұсақ моторикасын жетілдіру: қол қимылдарының дәлдігі мен үйлесімділігін дамыту жұмыстары жүргізілді. #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
КЕШЕГІ ТҮЛЕК-БҮГІН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ
23
сентябрь
2025
КЕШЕГІ ТҮЛЕК-БҮГІН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ
📌КЕШЕГІ ТҮЛЕК-БҮГІН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ ✅ Алтын ұя мектебімізді 5 жыл бұрын бітірген түлектеріміз-бүгінде оқуларын аяқтап, еңбек жолын енді ғана бастағандарына қарамастан, сүйікті мектептерін ұмытпай, білім ұясына деген ризашылықтарын білдіре отырып, мектебіміздің акт залына заманауи трибунаны сыйға тартты. ✅Бұл-жас ұрпаққа үлгі боларлық игі іс, мектебіне деген шынайы құрметтің, тәлім мен тәрбиенің жемісі. ✅Жақсы шәкірттер тәрбиелеген сынып жетекшісі ОМАРОВА ҮМІТ ЖАРМУХАМЕТОВНАҒА және ҚҰРМЕТТІ