Тәрбие бағыты » Страница 194 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалының ОБЛЫСТЫҚ кезеңі өтті.
30
октябрь
2024
«Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалының ОБЛЫСТЫҚ
🔸2024 жылдың 29-30 қазан күндері Семей қаласында «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның республикалық финалының ОБЛЫСТЫҚ кезеңі өтті.  🔸Аталған ойын бағдарламасы бойынша саптық және әндер байқауы, тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау, атыс даярлығы, 500-1500 метрге жүгіру,  белтемірге тартылу, 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру жарыс түрлері ұйымдастырылды. 🔸Нәтижесі бойынша  мектебіміздің «Жас Сарбаз» 8 сыныбының сарбаздары жалпы командалық есепте жүлделі ІІІ ОРЫНДЫ иеленді.  🔸КОМАНДА
📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
30
октябрь
2024
📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ  Мектебімізде 29 қазан күні күзгі каникул іс-шараларының жоспарына сәйкес 1-11 сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста І оқу тоқсанының қорытындысы, күзгі каникул күндеріндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі, мектептің ішкі тәртіп ережесінің, мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі мәселелері талқыланып, күн тәртібіндегі барлық сұрақтар толығымен қарастырылды.
Облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткен «Күзгі асар» ОБЛЫСТЫҚ байқауы
29
октябрь
2024
Облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына
2024 жылдың 24 қыркүйек-24 қазан аралығында Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткен «Күзгі асар» ОБЛЫСТЫҚ байқауына мектебіміздің  9 «А»сынып оқушысы Кайрбаева Камила қатысып, «Үздік жинақ» номинациясында  І ОРЫНҒА ие болды. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі А.Ә.Қабылбаева. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
"Үздік дене шынықтыру   педагогі-2024" Республикалық конкурсының ОБЛЫСТЫҚ кезеңі
29
октябрь
2024
"Үздік дене шынықтыру педагогі-2024" Республикалық конкурсының
"Үздік дене шынықтыру   педагогі-2024" Республикалық конкурсының ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тюлегетаев Ерхат Дюсенгазыевич жүлделі ІІ орын иегері атанды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
5 «А» сынып оқушыларының ата-аналары үшін жиналыс өтті.
28
октябрь
2024
5 «А» сынып оқушыларының ата-аналары үшін жиналыс өтті.
Мектебімізде «Бала тәрбиесі-отбасынан басталады» тақырыбымен  5 «А» сынып оқушыларының ата-аналары үшін жиналыс өтті. Сынып жетекшісі А.Е.Айтказина тарапынан «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» мақсаты және міндеттерімен таныстырып, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабағы бойынша «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері» атты тақырыпта сабақ жүргізілді. «Ата-ана баласымен бақытты» тақырыбында тренинг өткізілді. Мектеп
4–сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылым сайысы өткізілді.
28
октябрь
2024
4–сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында және мектеп оқушыларын оқыған ертегілерін сахналауға, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, кітап оқу арқылы ұстамдылыққа, өзін–өзі тәрбиелеуге, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету мақсатында 28 қазан күні мектебіміздің кітапханашылары Жунусова Анар Алимжановна мен Мурат Зарина Ермековнаның ұйымдастыруымен 4–сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылым сайысы өткізілді.  Оқушылар «Қызыл телпек», «Жеті лақ», «Шалқан» ертегілерін
"Шын жүректен"клубының мүшелері 25 қазан-Республика күнімен барша қазақ елін құттықтап жылы лебіздерін білдірді.
24
октябрь
2024
"Шын жүректен"клубының мүшелері 25 қазан-Республика күнімен барша
Мектебіміздің "Шын жүректен"клубының мүшелері 25 қазан-Республика күнімен барша қазақ елін құттықтап жылы лебіздерін білдірді. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
"Қазақстанның болашағы бала көзімен" атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
24
октябрь
2024
"Қазақстанның болашағы бала көзімен" атты суреттер көрмесі
Мектебімізде 2-4 сынып оқушылары арасында 25 қазан-Республика күніне орай "Қазақстанның болашағы бала көзімен" атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
"Республика күні" ұлттық мерекесіне орай 9-11-сыныптар арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында мектепішілік эссе байқауы өтті.
24
октябрь
2024
"Республика күні" ұлттық мерекесіне орай 9-11-сыныптар арасында
25 қазан "Республика күні" ұлттық мерекесіне орай 9-11-сыныптар арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында мектепішілік эссе байқауы өтті. Нәтижесінде 10 "А" -сынып оқушысы Кенжеғали Ақнұр ІІІ орын, 10 "Ә"-сынып оқушысы Ағыбай Земфира ІІІ орын, 10 "Ә"-сынып оқушысы Ерболова Балнұр ІІ орын, 11 "Ә"-сынып оқушысы Казиева Аяла, 11 "Ә"-сынып оқушысы Тлеубай Маржан І орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Республика күнімен 1 сынып оқушылары  құттықтайды
24
октябрь
2024
Республика күнімен 1 сынып оқушылары құттықтайды
Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен 1 сынып оқушылары  құттықтайды! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы, елдігі мен рухы биік болсын! #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма