Тәрбие бағыты » Страница 203 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәрбие сағаттары
06
май
2024
Тәрбие сағаттары
Ұлы жеңісті дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру және Ұлы Отан соғысындағы ерлікпен қаза болған ата-апаларымызды қастерелеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, ой - өрісін дамыту мақсатында тәрбие сағаттары өтті. #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие
“Түлектердің ағаш отырғызуы” эко-челленджі
06
май
2024
“Түлектердің ағаш отырғызуы” эко-челленджі
“Түлектердің ағаш отырғызуы” эко-челленджі #ТазаҚазақстан #Түлек2024 #ЖерЕлшілері #Амбасадоры Земли #ДеревьяВыпускников  #Посадкадеревьев
Мектеп түлектері  “Түлектердің ағаш отырғызуы” эко-челленджіне қатысты
06
май
2024
Мектеп түлектері “Түлектердің ағаш отырғызуы” эко-челленджіне қатысты
Мектеп түлектері  “Түлектердің ағаш отырғызуы” эко-челленджіне қатысты Алтыншы мамыр күні мектебіміздің 43 түлегі, ардагер ұстаз Т.Т.Сапариянов және мектеп түлегі Ж.Т.Садыкова “Түлектердің ағаш отырғызуы” эко-челленджіне қатысып, мектеп ауласына ағаш отырғызды. Жалпы саны 60 түп қарағай өскіні, 5 түп жеміс талы және 29 түп раушан гүлі мектеп ауласына салынып, түлектер тарапынан игі істің изгілігі мен мақтан тұтарлық  жалғасын  тапты. #ТазаҚазақстан #Түлек2024 #ЖерЕлшілері #Амбасадоры Земли
«Мен Патриотпын» атты аудандық әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыс өтті.
04
май
2024
«Мен Патриотпын» атты аудандық әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыс
4 мамыр 2024 жылы Жаңғызтөбе кентінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай және жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында «Мен Патриотпын» атты аудандық әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыс өтті. Аталған іс-шарада бағдарламасы бойынша пневматикалық мылтық атудан, берпи жаттығу және кермеде тартылу бойынша жарыстар өтті. Нәтижесінде Маяковский атындағы орта мектебінің «Жас Сарбаз» сыныптарының құрама командасы жалпыкомандалық І-орынға ие болды.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз Отанның болашақ ұланымыз!» атты салтанатты іс-шара өтті.
04
май
2024
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз Отанның болашақ
«Жас Сарбаз» сыныбының мақсаты - сарбаздар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру,  әскери қызметін насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген патриоттық сезімді арттыру, алғашқы әскери дайындык негіздерін жетілдіру. 2019 жылы «Шығыс Ұландары» атауы «Жас сарбаз» деп ауыстырылды.  2 взвод сарбаздары ауданға, облысқа, республикаға танымал болды. «Алау», «Даңқ», «Сардар» атаулы  сайыстарда, патриоттық ән байқауларында,
"Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.
02
май
2024
"Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.
2 мамыр күні мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубы Әжелер мектебінің мүшесі Аринова Гульжанат әжемізбен  5 "Ә" сыныбы  қазақ әдебиеті сабағында Нұрдәулет Ақыштың "Нағыз әже қайда? " әңгімесі бойынша кездесу ұйымдастырылды.Әжемізге оқушылар өздерін толғандырған қызықты  сұрақтарын қойды, қазақ ақындарының әже туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Әжеміз әжелер киетін кимешек, ұршық туралы, ертегілер туралы толық айтып берді.Әжеміз  қызықты сұрақ қойған
"Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық әдістемелік-практикалық конференция өтті.
02
май
2024
"Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық
30 сәуір күні Астана қаласында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Махамбет өлеңдері мен күйлері - рухани жаңғыруы" республикалық әдістемелік-практикалық конференция өтті.Осы конференцияға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калмакбаева Гульназ Ернатовна онлайн форматында зум платформасында баяндамасын қорғап, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат табысталды.
«SEMEI» телеарнасы бізбен бірге!
02
май
2024
«SEMEI» телеарнасы бізбен бірге!
30-сәуір күні Абай облысы Семей қаласының «SEMEI» телеарнасы директорының орынбасары Зикибаев Бектурсын Далелханович, телеарна редакторы Талшын Шәкіртхан және оператор Айтқалиев  Айдос Ерланович      арнайы ат басын бұрып мектебімізге келіп қайтты.  Кездесу ең алдымен оқушыларымен сұхбатпен басталып, соңында мектебіміздің «Маяк NEWS» парламент мүшелерінің телестудиясы клубы жұмысымен танысып, бірқатар ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Заманауи телестудия кабинетінің жаңа мүмкіндіктерін  ашып,
«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы
02
май
2024
«Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы
2 мамыр 2024 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ұйымдастыруымен «Болашақ өлкетанушы» облыстық ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсына мектебіміздің 11-сынып оқушысы Зекен Марал қатысып, жүлделі І-орынға (жетекшісі тарих пәні мұғалімі У.Ж.Омарова) ие болды. Құттықтаймыз!