1 мамыр-Халықтар бірлігі күні, сынып сағаттары мен спорттық эстафета
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында мектепте көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі екендігін ұрпаққа ұлағаттау мақсатында «1 мамыр-Халықтар бірлігі күні», «Бейбітшілік-ел тілегі» тақырыбындағы сынып сағаттары өтіп, «Мен, сен, ол, бәріміз-тұтас елдің сәніміз» спорттық эстафета ұйымдастырылды. Мамыр меркесі елдің бірлігін одан сайын нақтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп тілейміз.