Тәрбие бағыты » Страница 246 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамы қарсаңында ақ батасын алды
15
март
2023
«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамы қарсаңында ақ батасын алды
Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге, бата алуға аса мән берген. «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамын мерекелеу қарсаңында мектебімізде аға ұрпақты қастерлеу салтымен 6-сынып оқушылары ауылымыздың ақсақалы Танатаров Заманбек Мұқанұлы  атаны арнайы шақырып,  ақ батасын алды.  Шынайы жүректен шыққан бата ғана қабыл болады демекші, мерекеде берген бата қабыл болсын! Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 сынып оқушылары арасында 10 күндік челлендж ұйымдастырылды
14
март
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 сынып оқушылары арасында 10
Көркем әдебиет арқылы жасөспірімдердің рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар жазушысы Ыбырай Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық!», «Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейтқұл», «Асан мен Үсен» повестері бойынша 4 сынып оқушылары арасында 10 күндік челлендж ұйымдастырылды. 
Аналар мерекесіне ерлер ұжымы салтанатты шара өткізді.
09
март
2023
Аналар мерекесіне ерлер ұжымы салтанатты шара өткізді.
Аналар мерекесіне «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің ерлер ұжымы салтанатты шара өткізді.
«Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
09
март
2023
«Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет» тақырыптарында тәрбие сағаттары
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.  Аналар мерекесіне орай мектебімізде 1-11 сынып оқушыларымен «Ана өмір гүлі», «Сыйынар ем ана деген тәңірге», «Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.
Ең жас кәсіпкер сыйлық жасады
03
март
2023
Ең жас кәсіпкер сыйлық жасады
03.03.2023 күні Қалбатау ауылындағы ең жас кәсіпкер, ерекше маман иесі, омарташы- Тамерлан Ахмеджанов мектебіміздегі бірнеше оқушыға көктемге арналған сыртқы киім мен аяқ киім ретінде сыйлық жасады. Тамерланға жасаған жақсылығы үшін, жанашырлығымен, кеңпейілділігіне үлкен алғысымызды білдіреміз!!!
"Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін волейболдан республикалық турнир өтті
02
март
2023
"Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін волейболдан республикалық
25 ақпан күні Семей қаласында өткен "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін жалпы ұстаздар арасында волейболдан республикалық турнирде мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Базанов Нурбол Ерболұлы II - орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Алғыс хатымен  марапатталды
01
март
2023
Алғыс хатымен марапатталды
"Алғыс айту"  мерекесі күні  мектебіміздің тарих пәнінің  мұғалімі Сандуғаш Кабидоллаевна Аязбаева  өз ісін адал атқарғаны үшін,  ауднымыздағы қоғамдық  шараларға белсенді қатысқаны үшін аудан әкімі Ж.Байсабыровтың  Алғыс хатымен  марапатталды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!!!
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі  ІІІ орын
01
март
2023
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын
2023 жылдың 28 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілі  пәнінен жүлделі  ІІІ орынға ие болған   9 сынып оқушысы  Мартыненко Азалия Семей қаласында өткен  салтанатты жиынға қатысып мадақтамамен марапатталды.  Жетекшісі Падалко Ольга Валерьевна. Құттықтаймыз