Тәрбие бағыты » Страница 252 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жақсылық жасау- баршаға міндет
19
январь
2023
Жақсылық жасау- баршаға міндет
Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, бүгін 9-шы «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары офицер-тәрбиеші А.А.Садуовтың жетекшілігімен ардагер ұстаз В.Г.Копьеваның үйіне барып, көмек қолын ұсынып қайтты.  Жақсылықтың жанынан көрінген жеткіншектердің қайырымдылық істеріне өз ризашылығын білдірді.
«Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі қатысушыларға есігін айқара ашты.
18
январь
2023
«Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі
Дарынды оқушыларды қолдау үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық қабілеттерін және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында  «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК ұйымдастыруымен өткен «Асыл жүрек» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің эссе жазу бағамы бойынша мектебіміздің оқушылары Ермек Аяла, Толымхан Бақыт, Сақтағанова Дильназ, Айтқазы Саяжандар қатысып, жүлделі І,ІІ,ІІІ –дәрежелі дипломдармен марапатталды.  Жетекшілері- А.Ж.Тюлегетаева. Марапат иелерін құттықтаймыз!
Жаңа жылдық тілектер мен сыйлықтар
30
декабрь
2022
Жаңа жылдық тілектер мен сыйлықтар
Жаңа жыл балалар үшін көптен күткен мереке, ғажайыптар мен тілектердің орындалу уақыты. Біздің мектепте  Маяковский Ом Жарма Ауданы оқушылардың Аяз Атаға жазған хаттарындағы тілектері орындалды.  Жарма ауданы филиалы, Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы   Канат Шарипов бастамасымен жеке кәсіпкерлер мен ауданның шаруа қожалықтары басшыларының демеушілігімен  мектеп оқушыларына нағыз мереке мен жаңа жылдық сиқыр сезімін сыйлауға мүмкіндік берген "Еркежан" ШҚ басшысы Адыбаева Фариза
Ерекше оқушыларымызға тәтті базарлықтар таратылды
30
декабрь
2022
Ерекше оқушыларымызға тәтті базарлықтар таратылды
Жаңа Жыл мерекесі жақсылықтар жасаудан басталды. Бала көңілі мен қуанышы әр адам үшін маңызды деп білсек, сол балалардың көздерінен үміт отын жағудың өзі бір ғанибет емес пе! Мектебіміздің «ерекше» балаларымен жекелеме жұмыс жасайтын  ұстаздары Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында балаларға арналған тамаша сыйлықтарымен «ерекше» балалардың отбасылық  қуаныштарына куә болды.  Жүректері жылуға толы, мейірімділік пен жомарттықты қатар қоя білген мектеп ұстаздарына айтар алғысымыз шексіз дегіміз келеді.
Жаңа жылға сыйлықтар
30
декабрь
2022
Жаңа жылға сыйлықтар
Биылғы жаңа жыл мектебіміздің үйден оқып білім алатын (10 оқушы)   оқушылары үшін тамаша сыйлықтарымен  есте қалды.  Әр жыл сайын Жаңа жыл мерекесінде қайырымдылықты дәстүрге айналдырған мектебіміздің түлегі Асылжан Шайдоллаұлы Диканбаев өз атынан тәттілер салынған дорбаларын осы жылы да ерекше балаларға тарту етті. Қайырымдылық жасау атадан қалған дәстүр десек, дәстүр жалғасын таба білген, ата-аналар мен балалардың ризашылығына бөленген Асылжандай Азаматтарымызды мақтан тұтамыз!
Новогодний праздник
29
декабрь
2022
Новогодний праздник
1-4 сынып оқушыларына, мектепалды тәрбиеленушілеріне арналған «Жаңа жыл» мерекесі өтті. ------------------------------------------------------ Новогодний праздник для учащихся 1-4 классов и воспитанников групп пред школьной подготовки.
Мектеп ауласында «Қар қалашығы»  бой көтерді...
28
декабрь
2022
Мектеп ауласында «Қар қалашығы» бой көтерді...
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Маяковский орта мектебінің  оқушылары мен ата-аналары мектеп ауласын тамаша ертегілер әлеміне  айналдырды. Қатар тізілген ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қоян жылының  қуаныш пен бақытқа толы болатынына  және бала арманының орындалатынына  дәлел ретінде сап түзегендей.  Ертегілер әлеміндегі «Қар қалашығы»  бой көтеруіне ат салысып, ниет білдірген ата-аналар  мен оқушыларға  ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтамыз.
Құттықтауымен Аяз Ата және Ақша қар келді!
28
декабрь
2022
Құттықтауымен Аяз Ата және Ақша қар келді!
26.12.2022 жыл күні оқушыларымызды келе жатқан мерекемен құттықтауға арнайы Аяз Ата мен Ақша қар келді. Таңғы сәлемдерін Аяз Атаға берген оқушыларымыздың жүздері бал-бұл жанып, жаңа жылға дайындаған тақпақтарын арнады. Дүйсенбілік күндерін балалық шаққа саяхат жасаудан бастаған оқушыларымызға арнайы дайындалған тәттілер үлестіріліп таратылды.
«Жаңа жыл» мерекесі
26
декабрь
2022
«Жаңа жыл» мерекесі
1-4 сынып оқушыларына, мектепалды тәрбиеленушілеріне арналған «Жаңа жыл» мерекесі өтті. ------------------------------------------------------ Новогодний праздник для учащихся 1-4 классов и воспитанников групп пред школьной подготовки.
Ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті
26
декабрь
2022
Ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті
Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2022 жылдың 26 желтоқсан күні мектепалды даярлық топ және 1-4 сынып оқушыларына арналған қуанышқа да, ғажайыпқа да толы «Жаңа жыл» мерекесі өтті.   Мереке қарсаңында мектеп спорт залы әсем безендіріліп шырша құрылды. Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне мектебіміздің мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ белсене қатысты. Мерекелік шарада оқушыларға арналған түрлі байқаулар мен ойындар және би жарыстары өтті. Әсіресе, мерекенің басты