Тәрбие бағыты » Страница 270 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Шапағат"жазғы лагерінің ашылуы өтті
02
июнь
2022
"Шапағат"жазғы лагерінің ашылуы өтті
2 маусым күні "Маяковский атындағы орта мектебі” КММ-де мектеп жанындағы "Шапағат"жазғы лагерінің ашылуы өтті. Лагердің 1-маусымына әртүрлі жастағы 98 бала қабылданды. "Treasure of English", "Робототехника", "Сиқырлы қылқалам", "Очумелые ручки", "үстел ойындары" үйірмелері және үш жасақ өз жұмысын бастады. Мерекелік концертке бишілердің, әншілердің, домбырашылардың, мектеп мұғалімдерінің шығармашылық ұжымдары қатысты. Балалардан күлкі, қол шапалақ және жақсы көңіл-күй түрінде кері байланыс
Жақсылық жасаудан жалықпайық ағайын!
02
июнь
2022
Жақсылық жасаудан жалықпайық ағайын!
Бүгін отбасының қуаныштары, ұрпақ жалғасы - балаларымыздың тамаша мерекесі. Баланың күлкісі мен шаттанып қуанғанына не жетсін! Бір сәбидің ризашылғы – мың алғысқа тұрарлықтай емес пе! Осы күні мектебімізге балаларға базарлығымен біздің жомарт жүректі жандарымыз тағы да  келді. Бұл жолы  жеке кәсіпкер М.Н.Толенгутова кішкентайларды балмұздағымен қуантса, Л.П.Аплакиди аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына  ойыншықтары мен жаздық аяқ киімдерін сыйға тарту етті.  Жақсылық еккен алғыс орады
Жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауы өтті
02
июнь
2022
Жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауы өтті
Балалар жылына орай Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауы өтті. Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, дарынды балалардың шығармашылығын жетілдіру, белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 5 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кішкентай дарындарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!  
Мектеп түлектері сыйлықтарымен келді
01
июнь
2022
Мектеп түлектері сыйлықтарымен келді
Бірнеше жыл бұрын мектеп түлектері атанған оқушылар бүгін  білім ордасына келді. Жақсыны – көрмекке демекші, жаңарған мектеп дәліздерімен жүріп, оқу сыныптарының  бүгінгі тынысымен танысты. Көңілдері толып, ризашылығын білдірген түлектеріміз, мектебіміздің  толық күндік кіші орталыққа кілемдерін сыйға тартты. Білім нәрімен сусындаған, бүгінде түрлі мамандықты меңгеріп,  қызметтің тізгінін ұстаған жастарымыздың бүгінде бізбен бірге болғаны қуантады. 
Мектебіміздің түлегі мектеп ауласын гүлдендіру акциясына өз үлесін қосты.
01
июнь
2022
Мектебіміздің түлегі мектеп ауласын гүлдендіру акциясына өз үлесін
Мектебіміздің түлегі, жеке кәсіпкер Асем Сейткамалова мектеп ауласын гүлдендіру ( 30 түп раушан өскіні) акциясына өз үлесін қосты. Мен білім алған және менің балам білім алатын мектептің әсем де, әдемі болғанын қалаймын, себебі, киелі білім ордасы сан баланы қарсы алып, қаншама түлек ұшырып отыр. Сондықтан да құшақ жая қарсы алатын орын әрқашанда  тамаша әсер қалдыруы тиіс деді өз сөзінде кәсіпкер. Біз  Асемдей түлектерімізді мақтан тұтамыз!
"Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды
31
май
2022
"Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды
1 сынып оқушылары арасында жазғы мектепте оқушылардың психоэмоционалды әл-ауқаты үшін жағдай жасау мақсатында педагог-психологтар И.Т.Тагиева  және М.М. Ибраимова   "Көтеріңкі көңіл-күй!» акциясын ұйымдастырды. Акцияның ұраны: "Міне, біз бояуды қолымызға алдық, жалқаулықтан арылдық" Балалар мандалаларды бояп, қағазға ермексазбен жабыстырды. Модельдеу әрқашан балалар үшін қызықты іс. Ермексаз балаларды өзінің ашық түстерімен қызықтырып, жұмыс барысында  ойлау қабілеттерін, қиялын дамыта түсті.