Тәрбие бағыты » Страница 279 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ауған соғысы  ардагері  Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді
16
декабрь
2021
Ауған соғысы ардагері Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі
«Маяковский  атындағы орта  мектебі» КММ-де 2021 жылдың 13-16 желтоқсан аралығында 10-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналған, Ауған соғысы  ардагері  Н.Ш.Траиспаев жүлдесі үшін дәстүрлі әскери-патриоттық ойындар турнирі өткізілді. Төрт күнге созылған  бұл жарыста әр команда күш  сайыстырып қоймай, сондай-ақ, нысананы  көздеп ату, қашықтыққа  жүгіру, алысқа  секіру, турникке тартылу,  арқан тартыс  және АӘД  курсы бойынша білімдерін де ортаға салды.
"Туған жерге мың тағзым" атты республикалық балалар шығармашылық байқауы өтті
15
декабрь
2021
"Туған жерге мың тағзым" атты республикалық балалар шығармашылық
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына  орай "Туған жерге мың тағзым" атты республикалық балалар шығармашылық байқауы өтті. Осы байқаудың "Көркемсөз" номинациясы бойынша  "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ - нің 10 "Б" сынып оқушысы Аманжолов Даулет қатысып жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі Наушабаева Қарлығаш Киярханқызы Алғыс хатпен марапатталды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай Алғыс хаттармен марапаттады
15
декабрь
2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай Алғыс хаттармен
Бүгін 15.12.2021 жыл күні  мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшы ретінде бірнеше мәрте аудан, облыс, республика деңгейіндегі жарыстар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарымен «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ жоғарыдан көрсете білген оқушыларды мектеп директоры Н.М.Садыкова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Алғыс хаттармен марапаттады. 
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті
15
декабрь
2021
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті
15.12.2021 жылы күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу торқалы тойына мектеп ұжымының басын қосқан «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға арнайы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қ.Р.Шаймуратов қатысып, мектеп ұстаздарын мерекемен құттықтап, марапаттар табыстады.  Мектеп директоры Н.М.Садыкова және кәсіподақ комитеті төрайымы Қ.Қ.Наушабаева мектеп дамуы мен көркеюіне елеулі үлес қосқан
"Тәуелсіз елдің бақытты бүлдіршіндері" атты даярлық топ тәрбиеленушілерінің қуттықтаулары.
14
декабрь
2021
"Тәуелсіз елдің бақытты бүлдіршіндері" атты даярлық топ
"Тәуелсіз елдің бақытты бүлдіршіндері" атты даярлық топ тәрбиеленушілерінің қуттықтаулары.
«Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды
14
декабрь
2021
«Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты қолөнер көрмесі
«Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты еңбек пәні мұғалімдері Б.Нурланов пен Ж.Рамиевалардың ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушыларының туындыларынан  қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Түрлі бағытта орындалған қолөнер бұйымдарының арасынан Хан Шатыр мен  Бәйтеректің макеттерін, қима материалдардан жасалған бұйымдар, бояумен салынған, кестемен салынған суреттерді де көруге болады. 
"Желтоқсан оқиғасы"
14
декабрь
2021
"Желтоқсан оқиғасы"
Тәуелсіздік мерекесіне орай "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ кітапханашылары Г.Косаева мен Г.Бедияровалардың ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты 7-8 сыныптар арасында ертеңгілік өткізілді. Көрініс қойылып, "Желтоқсан оқиғасы" презентациясы оқушылар назарларына ұсынылды. Ертеңгілік соңында "Егемендік елдігім - Тәуелсіздік теңдігім" кітап көрмесі таныстырылды.
Суреттер көрмесі ұйымдастырылды
14
декабрь
2021
Суреттер көрмесі ұйымдастырылды
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым!» атты балалардың ойы мен қиялынан туындаған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Бала қолымен салынған суреттердің әр қайсысында 30 жылдағы Ел Тәуелсіздігінің сан қырлы жетістіктері қылқалам ұшымен ақ бетке түсіп, мектеп төрінен орын алды. 
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді
14
декабрь
2021
«Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы
Бүгін 14.12.2021 жыл күні  Жарма ауданы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бірлескен «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқауға 4-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп директоры Н.М.Садыкова құттықтау сөз сөйлеп, Жарма ауданы бойынша Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығы Б.Қ. Қарасаев қатысушыларға сәттілік тіледі. «Жас Сарбаздар» сыныптары орындауындағы әндер көпшіліктің қошеметіне, Н.Турсынның
«СПОРТЛАНДИЯ» жарысы өтті
14
декабрь
2021
«СПОРТЛАНДИЯ» жарысы өтті
2021 жылғы 7-10 желтоқсанда жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәнін танымал ету және беделін арттыру, оқушыларға қазіргі өмірде қажет теориялық білім мен тәжірбиелік дағдыларды жетілдіру мақсатында облыстық «СПОРТЛАНДИЯ» жарысы өтті. Жарыс санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары, дезинфекция режимі сақтала отырып, Zoom қосымшасы арқылы онлайн форматта өтті. Жарысқа Маяковский атындағы орта мектебінің 7-8 «Жас Сарбаз» сыныптарының оқушылары