16 наурыз - Шежіре күні
16 наурыз-Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел – жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіре таратылады. «Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын» іс – шаралар аясында физика-математика, информатика бірлестігінің ұйымдастыруымен 3 – 4 сынып оқушылары арасында «Жеті атаңды білесің бе?» атты сайыс өтті. Мақсаты: Балаларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.