АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА
25
сентябрь
2025

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА

📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА

2025 жылдың қыркүйек айының 25 күні мектебімізде “МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты-ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайтып, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды:
📌 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: мазмұны мен алгоритмі туралы
📌 Ата-ана мен мектептің ынтымақтастығы
📌 Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. 
📌 Жол қауіпсіздігі, өмір қауіпсіздігі туралы 
📌 Мектеп формасын сақтау мәдениеті
📌 Антибиотиктерді қолдану тәртібі туралы.

Аталған жиынға Жарма ауданы полиция бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі ҚҰНАНБАЕВ ДАРХАН МАРАТҰЛЫ, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант ТУСУПБЕКОВ АЗАМАТ РУСЛАНҰЛЫ және ҚР ДСМСЭБК Абай облысының СЭБД Жарма аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ-нің бөлім басшысы МУКАШЕВА АНАР АЙТКАЗИНОВНА арнайы қатысып, ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


ЖАУАПТЫ ҰРПАҚ – ОРТАҚ ЕҢБЕГІМІЗ!

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жарма  
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма