07
май
2026
"Цифрлық дәуірде бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі" атты ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ
📌 ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ – ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ, ОЙ БӨЛІСУ, БІРГЕ ӨСУ АЛАҢЫ.
БІЗ БІРГЕ МЫҚТЫ ҚОҒАМ ҚҰРАМЫЗ!
✅ 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде
"Цифрлық дәуірде бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігі" атты ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ұйымдастырылды.
✅ Аталған іс-шараның басты мақсаты – әке тәрбиесінің маңызын арттыру, бала өміріндегі әкенің рөлін нығайту және отбасындағы жауапкершілікті сезіндіру болды.
✅ Форум барысында әкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
✅ Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар, ер азаматтың тұлғалық қалыптасуы, отбасындағы тәрбие үлгісі туралы мазмұнды пікірлер айтылды.
✅ Іс-шараға қатысқан әкелер белсенділік танытып, "ӘКЕ ӨНЕГЕСІ - ТӘРБИЕНІҢ ТАМЫРЫ" атты өсиет талында өз әкелік кеңес - тілектерін орналастырып, пікір алмасу алаңында өз ойларын ортаға салып, түрлі сайыстарға белсене қатысты.
✅ Бұл форум әкелер мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, тәрбиелік мәні зор кездесу болды.
✅ Осындай тағылымы мол кездесулер өскелең ұрпақтың дұрыс бағытта қалыптасуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.
ӘКЕ БОЛУ – БҰЛ ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК!