04
май
2024
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз Отанның болашақ ұланымыз!» атты салтанатты іс-шара өтті.
«Жас Сарбаз» сыныбының мақсаты - сарбаздар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру, әскери қызметін насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген патриоттық сезімді арттыру, алғашқы әскери дайындык негіздерін жетілдіру. 2019 жылы «Шығыс Ұландары» атауы «Жас сарбаз» деп ауыстырылды.
2 взвод сарбаздары ауданға, облысқа, республикаға танымал болды. «Алау», «Даңқ», «Сардар» атаулы сайыстарда, патриоттық ән байқауларында, пәндік олимпиадарда, ғылыми-практикалық конференцияларда алдыңғы қатардан көрініп, мектеп мәртебесін облыс, республика деңгейіне дейін көтерді.
Бүгінгі іс- шара «Жас сарбаз» сыныбының 2 взвод түлектеріне арналды. Сарбаздарымыздың жетістіктері бағаланып, Абай облысының Қорғаныс істерінің департаменті атынан «Қазақстан патриоты», «Спортшы жауынгер» төсбелгілерімен, Жарма ауданының қорғаныс істер бөлімі, Жарма ауданының білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.









