КӘСІПТІК БАҒДАР- БОЛАШАҚҚА ЖОЛ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
январь
2025

КӘСІПТІК БАҒДАР- БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

КӘСІПТІК БАҒДАР- БОЛАШАҚҚА ЖОЛ 

🟢Оқушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
🟢Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. 
🟢Осы орайда кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында Жарма ауданының қорғаныс істері бөлімінің бастығы М.М.САЯБАЕВ және мектебіміздің түлектері, бүгінгі күні Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанты АЙДАБОЛОВ ЕРНУР, радиотехника және байланыс  Әскери-инженерлік институтының курсанты АМИРҚАН МЕРЕЙ арнайы келіп өздері білім алып жатқан
әр мекеменің ерекшілігімен таныстырып, мамандықтың маңыздылығы мен болашағы туралы толық ақпарат берді.
🟢Ақпарат берілу барысында мектеп оқушылары еркін түрде пікір алмасып, қызықты сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізілді.

#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма