ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2025

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙЫ

⚜️ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЙЫ 

✅Мектеп Парламентінің құқық және тәртіп фракциясының ұйымдастыруымен “ЖАС  САРБАЗ” сыныбы Жарма ауданының полиция бөліміне офицер-тәрбиеші ЕСМҰРАТОВ АРМАН ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ  жетекшілік етіп апарды.
✅Бұл экскурсияның мақсаты-оқушыларымыздың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге көмектесу болды.
✅Полиция қызметкерлері Жас сарбаздарды құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстырып, олардың қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау жолындағы еңбегі туралы айтты. 
✅Оқушыларымыз өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызметкерлердің кеңестерін тыңдады.
✅Мұндай шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін дамытуға үлкен үлес қосады.
✅ БІЗДІҢ ЖАС САРБАЗДАРЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛАРЫНА СЕНЕМІЗ!!!

#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма