Жазғы демалыс лагері » Страница 11 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ. ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС
03
июнь
2025
ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ. ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС
🌈🎊🌈ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ. ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС ⚽️"ДОСТЫҚ ” жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес  спорттық ойын үйірмесінің жетекшісі ТЮЛЕГЕТАЕВ ЕРХАТ ДЮСЕНГАЗЫЕВИЧ  балаларға спорттық ойындар ұйымдастырып, сергіту сәтін өткізді.  ⚽️Іс-шара барысында балалар түрлі қимылды ойындарға қатысып, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын көрсетті.  ⚽Бұл спорттық ойындар балалардың денсаулығын нығайтып, көңіл-күйлерін көтерді.  ⚽Осындай белсенді іс-шаралар арқылы балалардың бір-бірімен
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖОЛ АШАТЫН “ДОСТЫҚ” ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
03
июнь
2025
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖОЛ АШАТЫН “ДОСТЫҚ” ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ
🌈🎊🌈ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖОЛ АШАТЫН “ДОСТЫҚ” ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ 💥Мектебімізде мектепішілік “ДОСТЫҚ” жазғы  демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті.  💥Ашылу салтанатында мектеп директоры Даутова Алия Жасулановна құттықтау сөз сөйлеп, балалардың жазғы демалысының сәтті өтуіне тілектестік білдірді. 💥Алдағы уақытта жоспарға сәйкес лагерь басшысы НУРМУХАМЕТОВА ЖУЛДЫЗ ДАУЛЕТБЕКОВНАМЕН, ТОП және ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН       🎨 шығармашылық сағаттар,     🏃 спорттық ойындар,  жаттығулар     
"Достық" лагерінің жабылуына орай "Екі жұлдыз" сайысын өтті
12
июль
2024
"Достық" лагерінің жабылуына орай "Екі жұлдыз" сайысын өтті
12 күні "Достық" лагерінің жабылуына орай музыка үйірмесінің жетекшісі Б.М.Аксакова және тәрбиешілер "Екі жұлдыз" сайысын өткізді. Сайысқа тәрбешілер мен оқушы жұппен қатысты. Сайыс  хит ән орындау және пародия көрсету кезеңдерінен тұрды. Әр жұп дайындықпен келіп, өздерінің  ерекше өнерлерін көрсетті. Жұптардың барлығы мақтау қағазымен марапатталды. Балалар би биледі. Іс-шара соңында балаларға балмұздақ таратылды. "Достық" лагерінің екінші ауысымы сәтті аяқталды.
"Достық" жазғы лагерінде музыка үйірмесінің жетекшісі "Әуенді тап" музыкалық сайыс өткізді.
10
июль
2024
"Достық" жазғы лагерінде музыка үйірмесінің жетекшісі "Әуенді тап"
10 шілде күні "Достық" жазғы лагерінде музыка үйірмесінің жетекшісі Б.М. Аксакова "Әуенді тап" музыкалық сайыс өткізді. Сайысқа төрт топтан 3 бала, 2 жетекші қатысты. Сайыс әннің әуенін,  әншіні, мультфильм атын, суретті ребус арқылы әннің атын табу сияқты кезеңдерден тұрды. Қорытындысында Меломен тобы бас жүлде, До Ми Соль тобы 1 - орын,  Muzik тобы 2 - орын, Саз әуені тобы 3 - орын алды. Лагерь  балаларына сайыс ұнады. #АбайЖаз2024 #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
"Достық" лагерінде "Умники и умницы" интеллектуалды сайысын өтті
10
июль
2024
"Достық" лагерінде "Умники и умницы" интеллектуалды сайысын өтті
9 шілде күні "Достық" лагерінде К Л. Рудь "Умники и умницы" интеллектуалды сайысын өткізді. Балалар аса қызығушылықпен қатысты, барлық сұрақтар мен тапсырмалардың шешімін тапты. #АбайЖаз2024 #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы
"Достық" жазғы лагерінде "Мамандықтар әлеміне саяхат" күніне орай жұмыстар ұйымдастырылды.
02
июль
2024
"Достық" жазғы лагерінде "Мамандықтар әлеміне саяхат" күніне орай
Бүгін лагерь демалушыларымен "Мамандықтар әлеміне саяхат" күніне орай жұмыстар ұйымдастырылды.  Ұл балаларды өрт сөндіру бөліміне апарып, көптеген жаңа ақпараттар білді. Өрт сөндіру қызметінің маманы Айдос мырза өртке және суға  байланысты қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.  Қыз балаларды "Аида" сән салонында шеберлердің бір күндік жұмыс барысымен танысты. Аудандық кітапханаға барып балаларға арналған әдеби, ертегі кітаптарын тамашалады, кітапханашылардан тың ақпараттар алды.
"Достық" жазғы лагерінде қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" күні
01
июль
2024
"Достық" жазғы лагерінде қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" күні
Екі ішектің бірін қатты,  Бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, Содан сұра тек қана! Бүгін қазақтың ұлттық аспабы "Домбыра" күніне орай лагерь демалушыларын мектебіміздегі домбыра кабинетіне апарып, домбыраның шығу тарихы туралы айтып және домбыра туралы аңыздар көрсетілді. Ауыл ортасындағы "Домбыра" ескерткішіне барып қайтты. Домбыра туралы әндер шырқалып, би биледі. "Аманат", "Ерке сылқым", "Балбырауын" күйлері ойналды.
"Достық" жазғы лагерінде топтар арасында би жарысы ұйымдастырылды
28
июнь
2024
"Достық" жазғы лагерінде топтар арасында би жарысы ұйымдастырылды
28 маусым күні "Достық" жазғы лагерінде топтар арасында би жарысы ұйымдастырылды. Балалар "Қаражорға" "Өзбек"  заманауи билерін биледі. Жарыс соңында ойын ойнатылды.  #АбайЖаз2024 #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы 
"Достық" лагерінде бүгін ауа-райының ыстығына орай "Су патшасы Сүлеймен" күні ұйымдастырылды.
27
июнь
2024
"Достық" лагерінде бүгін ауа-райының ыстығына орай "Су патшасы
"Достық" лагерінде бүгін ауа-райының ыстығына орай "Су патшасы Сүлеймен" күні ұйымдастырылды. Балаларға су қауіпсіздігі туралы ережелер айтылып, артынан балалардың жас ерекшеліктеріне сай әр-түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ойындар соңында балалар  су атысып,   көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарасты.  #АбайЖаз2024 #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы 
"Достық" жазғы лагерінде "Ұлттық ойындар" сайысы өтті.
26
июнь
2024
"Достық" жазғы лагерінде "Ұлттық ойындар" сайысы өтті.
26 маусым күні "Достық" жазғы лагерінде "Ұлттық ойындар" сайысы өтті. Балалар"Теңге алу", "Қыз қуу", Жамбы ату", "Аударыспақ", "Қол күрес", "Арқан тарту" ойындарына қызыға да  белсене қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша топтар марапатталып,  сыйлықтарға ие болды.  #АбайЖаз2024 #bilimim_otanyma #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #Біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_абай_облысы