27
сентябрь
2024
Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
Мектебімізде «Білім беру ұйымдарында бала құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, қорқытудың және суицидтің алдын алу қызметінің негізгі аспектілері» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Қалбатау ауылдық округінің әкімі Рахимжанов Қанат Серикович және Жарма АПБ жергілікті полиция бөлімі бойынша учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Д.Жазыбаев қатысып, мектеп әкімшілігі тарапынан күн тәртібіне сәйкес «Отбасы- тәрбие ошағы», «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұны мен енгізу алгоритмдері» туралы баяндамалар ұсынылып, биылғы оқу жылынан бастап мектебімізге енгізілген «KiVa»- буллингке қарсы күрес бағдарламасы, бала қауіпсіздігі туралы толықтай ақпараттар, таратпа материалдар беріліп, қосымша әр түрлі мәселелер талқыланды. #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 














