МАЯК ТВ –мен «ШАЙ» АЙДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МАЯК ТВ –мен «ШАЙ» АЙДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ
08
декабрь
2025

МАЯК ТВ –мен «ШАЙ» АЙДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ

🍽 МАЯК ТВ –мен «ШАЙ» АЙДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОНАҒЫ

✅ Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жұмысшы мамандықтардың маңызын атап өтіп, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру қажеттілігін ерекше атап өткен еді. Осы бағытты қолдау мақсатында бүгінгі «МАЯК ТВ»–мен «ШАЙ » айдарына арнайы қонақ шақырылды.

✨ Біздің студияда тағам дайындау өнеріне жан-тәнімен берілген тәжірибелі аспазшы АЙМУХАНОВА ТЛЕУГАЙША БАЗАРХАНОВНА қонақ болды.
 ✅ Аспазшы оқушылармен өз тәжірибесімен, пайдалы кеңестерімен және тағам әлеміне қатысты қызықты әңгімелерімен бөлісті.

🎯 Қонағымыз жақында қатысқан аспаздық фестивальдер мен әртүрлі мастер-класстардан алған әсерлерін айтып, оқушыларға жаңа идеялар мен шабыт сыйлады.

✅ Сұхбат барысында қозғалған тақырыптар:
– Аспаздық саласындағы жаңалықтар
– Шеберлікті шыңдаудың тиімді жолдары
– Дұрыс тамақтану мәдениеті
– Аспазшы болудың қиындығы мен қызығы

✅ Уақытыңызды бөліп келгеніңіз үшін алғыс айтамыз, Тлеугайша Базархановна!
Сіздің еңбегіңіз бен кәсібіңізге деген адалдығыңыз – жастар үшін үлкен үлгі.

🍵 «МАЯК ТВ –мен "ШАЙ" айдары алдағы уақытта да қызықты қонақтармен кездесулер ұйымдастырып өз жұмысын жалғастырады.

🎤ЖҮРГІЗУШІ:
Айтқұрман Аружан

📹ОПЕРАТОР: 
Батырхан Нұрым 
📘ЖЕТЕКШІСІ: 
Ленсова Гүлмари Ринатқызы.