«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты көркем сөз оқулары
Қазақ поэзиясының мұзбалығы атанған ақиық, сыршыл, гуманист ғажайып ақынымыз Мұқағали Мақатаев тірі болса, 9 а қпанда торқалы 90 жасқа толар еді. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Ақынның мерейтойына орай «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ кітапханасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты көркем сөз оқулары ұйымдастырылды.