Материалы за Январь 2023 года » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Январь 2023 года
“Абай әндері” атты әдеби-сазды кеші өтті
28
январь
2023
“Абай әндері” атты әдеби-сазды кеші өтті
27.01.2023 жыл күні мектебіміздің музыка  жетекшісі Н.М.Баяхметова мен музыка пәні мұғалімі Б.М.Аксакованың ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ұлы, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Абай әндері” атты әдеби-сазды кеші өтті. 5-6- сынып оқушыларына  Абайдың қара сөзінен үзінді оқылып, тағлымы биік ақынның "Көзімнің қарасы","Бойы бұлғаң" т.б әндері мен өлеңдері оқушылардың орындауында  ортаға салынды.
Мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандарты/Стандарт государственной услуги
27
январь
2023
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты/Стандарт государственной
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандарты Стандарт государственной услуги "Прием документов и зачисление детей в дошкольные  организации" 
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг өтті....
26
январь
2023
«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг өтті....
26 қаңтар күні мектеп тәлімгері Ж.Ғ.Кеңесованың ұйымдастыруымен   «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған  басқосуда  9- сынып оқушылары армандарымен бөлісіп, таңдау жасаған мамандық мұхитында жүзуге мүмкіндік алды.
«Әдемі күл, сыпайы жүр,сұлу ойлан» атты кездесу өткізді
24
январь
2023
«Әдемі күл, сыпайы жүр,сұлу ойлан» атты кездесу өткізді
24.01.2023 жыл күні мектептің 6-шы сынып қыздарымен оқушыларды бір– бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында педагог-психолог М.М. Ибраимова мен әлеуметтік педагог А.Ж.Тюлегетаева   «Әдемі күл, сыпайы жүр,сұлу ойлан» атты кездесу өткізді.      Қыздар кездесуге белсене қатысып,бүгінгі кездесуден жақсы әсер
Түлегімізбен мақтанамыз!
23
январь
2023
Түлегімізбен мақтанамыз!
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери инстититутының ІІ-курс курсанты Айдаболов Ернур Ерболатович бүгінде мақтан тұтар мектеп түлектерінің бірі. Ернұр  білім алатын оқу ордасында өзінің жоғары білімі мен тәрбиесі, сондай-ақ батылдығы, қайсар мінезімен көзге түсіп, өзі оқып білім алған мектебіне институт басшысы полковник Б.Ибатулиннің атынан «Алғыс хат» әкеліп табыстады.   Жарайсың Ернұр, алар асуларың көп болсын демекпіз!
«Қыз қылығымен көрікті» атты кездесу өтті
19
январь
2023
«Қыз қылығымен көрікті» атты кездесу өтті
Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу мақсатында қаңтар  айының 17 -сі күні  педагог- психолог М.М Ибраимова және әлеуметтік педагог А.Ж Тюлегетаева 8 «Б» сынып қыздарымен «Қыз қылығымен көрікті» атты кездесу өткізді.
«Біле жүріңіз...» атты оқушылармен  әңгіме өтті
19
январь
2023
«Біле жүріңіз...» атты оқушылармен әңгіме өтті
Қатысушылар өз-өзін дамыту, қоршаған ортамен жағымды қарым-қатынас құра білу және  өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу мақсатында 2023 жылдың 19-шы қаңтарында педагог-психологі М.М.Ибраимова және әлеуметтік педагог А.Ж Тюлегетаева 8 «А» сынып оқушыларымен «Біле жүріңіз...» атты оқушылармен  әңгіме өткізді. Кездесу барысында бірнеше жаттығулар орындалып, жағдаяттар талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, кездесуден жақсы әсер алғандарын айтты.
Жақсылық жасау- баршаға міндет
19
январь
2023
Жақсылық жасау- баршаға міндет
Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, бүгін 9-шы «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары офицер-тәрбиеші А.А.Садуовтың жетекшілігімен ардагер ұстаз В.Г.Копьеваның үйіне барып, көмек қолын ұсынып қайтты.  Жақсылықтың жанынан көрінген жеткіншектердің қайырымдылық істеріне өз ризашылығын білдірді.