Материалы за 03.12.2024 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Зорлық зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында 9 сынып жетекшілері “Біз бақытты баламыз” атты флеш-моб ұйымдастырып өткізді.
03
декабрь
2024
“Зорлық зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында 9 сынып жетекшілері “Біз
3 желтоқсан күні мектебімізде  “Зорлық зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында 9 сынып жетекшілері А.А.Мамырбекова, Ж.М.Рахимбаева және Д.Е.Жиренчина зорлық -зомбылықтың алдын алу мақсатында “Біз бақытты баламыз” атты флеш-моб ұйымдастырып өткізді. #зорлықзомбылықсыз16күнӨПҚӘО #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
03
декабрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ  Бастауыш сынып мұғалімі  Есентаева Құндыз Токтауовна 3"Б" сыныбында қазақ тілі пәнінен "Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша" тақырыбында тиімді сабақ өткізді. Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өз әріптестері және МАГНИТТІК МЕКТЕП мұғалімдерімен тәжірибесімен бөлісті.  Оқушылар сабақ барысында  алған  теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, жоғары деңгейдегі сабақтың өтуінде белсенділік танытты.  #abayoblysy
ӘСКЕРИ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА
03
декабрь
2024
ӘСКЕРИ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА
ӘСКЕРИ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА  3 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай офицер тәрбиешілер А.Қ.Есмұратов,  А.А. Садуов,  М.М.Квачтың ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында әскери спорттық іс-шара өткізілді.  Іс-шара барысында Жас сарбаз сыныбының тәрбиеленушілері саптық дайындық, атыс дайындығы, кермеге тартылу, ұзындыққа секіру жаттығуларынан сынға түсті.  Алдағы уақытта жарыс өз жалғасын тауып, мықты сарбаздар анықталатын болады. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
03
декабрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ 3 желтоқсан күні қазақ тілінде білім беретін бастауыш сынып  әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаметова Жұлдыз Даулетбековна 1 «Ә» сыныбында әліппе пәнінен «Өө дыбысы және әрпі» тақырыбында тиімді сабақ өткізді. Оқушылар оқу, буынға бөлу, дыбыстық талдау бойынша жұмыс түрлерінде жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ...
03
декабрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ...
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ... Бастауыш сынып мұғалімі Раисова Анар Аманжоловна 3"А" сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Баяндауыш" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұлттық құндылыққа негізделген тиімді сабақта оқушылар киіз үйдің құрылысы, оның ішкі жиҺаздарының жасалуын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың мақсатына жетуге әртүрлі жұмыс түрлерін жасады. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма