ӘСКЕРИ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА
ӘСКЕРИ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА 3 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай офицер тәрбиешілер А.Қ.Есмұратов, А.А. Садуов, М.М.Квачтың ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында әскери спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Жас сарбаз сыныбының тәрбиеленушілері саптық дайындық, атыс дайындығы, кермеге тартылу, ұзындыққа секіру жаттығуларынан сынға түсті. Алдағы уақытта жарыс өз жалғасын тауып, мықты сарбаздар анықталатын болады. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие