Материалы за Сентябрь 2025 года » Страница 2 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года » Страница 2
28 ҚЫРКҮЙЕК- ЕҢБЕК КҮНІ
28
сентябрь
2025
28 ҚЫРКҮЙЕК- ЕҢБЕК КҮНІ
28 ҚЫРКҮЙЕК- ЕҢБЕК КҮНІ 📌Еңбек күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – адал еңбегімен елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген барша азаматтарға деген алғысымыздың белгісі. 📌 Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз! #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма #Абай180жыл_Абай_облысы_Жарма   #Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма  
ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
27
сентябрь
2025
ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
🏆ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ    🥉Ұлттық тоғызқұмалақ ойынын дәріптеу, дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен 2–11 сынып оқушылары арасындағы республикалық тоғызқұмалақ олимпиадасының ОБЛЫСТЫҚ кезеңінде  мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушысы МЕЙРАМҒАЛИ БҰЛҒЫН 2–4 сыныптар бойынша III ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ие болды.  🥉Жетекшісі ТЮЛЕГЕТАЕВ НҰРЖАН ДУЙСЕНГАЗЫЕВИЧ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  ЖАС СПОРТШЫНЫҢ АЛАР АСУЫ БИІК БОЛСЫН! #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
“ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!” ЧЕЛЛЕНДЖІ
26
сентябрь
2025
“ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!” ЧЕЛЛЕНДЖІ
📌 “ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!” ЧЕЛЛЕНДЖІ ✅Мектебіміздің 2011 жылғы түлегі, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ олимпиада жеңімпазы, ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ -2010 САГИМБАЕВ ЕРКЕБУЛАН өзі білім алған Маяковский атындағы орта мектебінің ұстаздарына шынайы алғысын білдіріп, жүрекжарды құттықтауын жолдады.   ✅Ол ұстаздарының берген білімі мен тәлім-тәрбиесінің өмір жолындағы жетістіктеріне негіз болғанын ерекше атап өтті.   ✅ҰСТАЗЫНА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ШӘКІРТТІҢ БИІК АДАМГЕРШІЛІГІНІҢ КӨРІНІСІ. #Ұстаз_ұлт_шамшырағы_Абай_облысы
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!!!
26
сентябрь
2025
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!!!
🔔🔔🔔КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС!!! ✅НУРМУХАМБЕТОВА ЖУЛДЫЗ ДАУЛЕТБЕККЫЗЫ 2 «Ә» сынып оқушыларының үзіліс уақытын көңілді әрі тиімді өткізу мақсатында қызықты  ойындар ұйымдастырды.  ✅Ойындар оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, сабаққа деген белсенділіктерін арттырды.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА
25
сентябрь
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА
📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП - БАСТЫ НАЗАРДА ✅2025 жылдың қыркүйек айының 25 күні мектебімізде “МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. ✅Жиналыстың мақсаты-ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайтып, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. ✅ Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды: 📌 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: мазмұны мен алгоритмі
“KITAP TIME – 2025” ФЕСТИВАЛІ
24
сентябрь
2025
“KITAP TIME – 2025” ФЕСТИВАЛІ
📚“KITAP TIME – 2025” ФЕСТИВАЛІ 📘Аудандық кітапханада өткен жалпы республикалық “KITAP TІМЕ – 2025” фестиваліне мектебіміздің 9-сынып оқушылары белсене қатысты. 📘Фестиваль барысында оқушылар кітап оқуға деген сүйіспеншілігін, әдебиетке қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.  📘Оқушыларымыздан құралған “БІЛІМ” тобы І ОРЫНҒА,  “ЫНТЫМАҚ” тобы ІІ ОРЫНҒА ие болды.  🎉ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма #Ұлттық_сезім_Абай_облысы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ басталды
24
сентябрь
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ
📌 2025 жылдың 24 қыркүйегінен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған п, мектебіміздің оқушылары белсене қатысуда.