Материалы за 26.06.2026 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ: «Айгөлек» тобындағы қызықты күн!
26
июнь
2026
ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ: «Айгөлек» тобындағы қызықты күн!
🌈 ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ: «Айгөлек» тобындағы қызықты күн! ♻️ Жазғы «ДОСТЫҚ» жазғы лагерінің «Айгөлек» тобында балалардың бос уақытын тиімді әрі көңілді өткізу мақсатында қызықты топтық ойындар ұйымдастырылды. ♻️ Балалар танымдық және қимыл-қозғалыс ойындарына белсенді қатысып, шапшаңдық пен ынтымақтастықты үйренді. ♻️ Сонымен қатар күн сайынғы таңғы сергіту сәті ерекше өтті! Балалардың денсаулығын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жаттығуға ұлттық би элементтері енгізілді.
ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ   Саябақтағы көңілді демалыс!
26
июнь
2026
ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ Саябақтағы көңілді демалыс!
🌈 ЛАГЕРЬ КҮНДЕЛІГІ ☀️ Саябақтағы көңілді демалыс! ♻️ Мектебіміздің "ДОСТЫҚ" жазғы демалыс лагерінде  балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында саябаққа серуен ұйымдастырылды.  ♻️ Балалар таза ауада сергіп, спорттық және ұлттық ойындарда белсенділік танытты. ♻️ Барлық тәрбиеленушілер керемет көңіл-күй сыйлап, жазғы демалыстың бір күнін қызықты әрі белсенді өткізді! #abai_jazgy_demalys_2026