СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
30
октябрь
2025

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

👩‍🏫 СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 

✅  Бүгін мектебімізде тәрбие жұмысының сапасын арттыру мақсатында сынып жетекшілер бірлестігінің кезекті отырысы ұйымдастырылды.

✅ Отырыста мектептің тәрбие жұмысы жүйелі түрде талданып, сынып жетекшілер арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, тәрбие бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылды.

✅ КҮН ТӘРТІБІНДЕ төмендегі мәселелер қаралды:

📌 «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы. 
📌 2025-2026 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық жоспарынын жүзеге асуы туралы.
📌Сынып жетекшілердің құжаттама жүргізу тәртібі туралы (күнделік, жоспар, журнал т.б.);
📌 «KIVA» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ жүзеге асырылуы туралы.
📌 Құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
📌 Жасөспірімдермен психологиялық жұмыс, ата-анамен байланыс орнату жолдары туралы.
📌 Тәрбие сағаттарын сапалы ұйымдастыру, тәрбиелік жобалар мен іс-шаралар туралы.

✅ Отырыс барысында қайта даярлау курсынан өткен сынып жетекшілер ашық пікір білдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. 
✅ Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытында әдістемелік ұсыныстар берілді.
✅ Қорытындысында қатысушылар тәрбие жұмысын заман талабына сай жүргізу, әр оқушының тұлғалық дамуына жағдай жасау, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту жолдарын нақтылады.
✅ Отырыс өте мазмұнды, тәжірибе алмасуға толы, тиімді форматта өтті.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жарма  
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма