АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ӨТКЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫП » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2026

АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ӨТКЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫП

📚 АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ӨТКЕН ШЕБЕРЛІК СЫНЫП 

🧬 МАГИСТРЛЕР АПТАЛЫҒЫ аясында «EduBioLab — жасанды интеллект арқылы биологияны тірілту» тақырыбында  ҚАБЫЛБАЕВА АЙДАНА ӘДІЛҒАЗЫҚЫЗЫ шеберлік сынып өткізді.

🔬 Шеберлік сынып барысында биология пәнінен ҰБТ-ға тиімді дайындалу жолдары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне кіріктіру тәсілдері ұсынылды.

💡 Ерекшелігі — ұсынылған әдіс-тәсілдер тек биология пәніне ғана емес, барлық пән мұғалімдеріне қолдануға болатын әмбебап құралдар ретінде көрсетілді.

📚 Қатысушылар практикалық тапсырмалар арқылы ЖИ-ді сабақта тиімді пайдалану жолдарын меңгеріп, білім берудегі жаңа мүмкіндіктермен танысты.

♻️ Сонымен қатар, шебер сынып оқушылар үшін танымды әрі қызықты өтіп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, зерттеушілік дағдыларының дамуына да ықпал етті.

✨ Шебер сынып заманауи ұстаз үшін цифрлық дағдылардың маңызын арттырып, оқыту процесін жаңаша ұйымдастыруға бағыт берді.