ТАНЫМДЫҚ ӘРІ ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2026

ТАНЫМДЫҚ ӘРІ ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ

📚 ТАНЫМДЫҚ ӘРІ ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ 

♻️ Магистрлер апталығы  аясында   СЕРИКҚАЗЫ ДИЛЯРА НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ «Басылым саясаты: мақсат, аудитория және журнал деңгейін анықтау» тақырыбында танымдық әрі практикалық шеберлік сыныбын өткізді.

♻️ Шеберлік сыныптың басты мақсаты — қатысушыларға сапалы мақала дайындаудың құрылымын түсіндіріп, стилистикалық ерекшеліктерін меңгерту.

🛠 Тәжірибе алаңында не үйрендік?
🔅Құрғақ теориядан гөрі, нақты нәтижеге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер қолдандық:
🔅«Бір сөйлем» әдісі арқылы мақаланың басты идеясын бір сөйлеммен нақты тұжырымдауды жаттықтық. 
🔅"Мақаланың қаңқасы" арқылы мәтіннің логикалық тізбегін құрып, мазмұнды жүйелеуді үйрендік📋.
🔅«Көршіңді оқы» әдісі арқылы жазылған мәтіндерді өзара талдап, сырттай баға беру арқылы қатемен жұмыс жасадық🤝🔍.

♻️Қатысушылар алған білімдерін бірден іс жүзінде қолданып, өздерінің алғашқы мақала мәтіндерін жазып шықты.

♻️ Бұл жұмыстар алдағы уақытта кәсіби басылымдарда жарық көруге алғашқы қадам болмақ 🌟💼!