ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2025

ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

⚜️ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ

❇️«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасының «Мектеп театры» және «ШАБЫТ» жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Ақиық ақын- Мұқағали Мақатаев» атты әдеби кеш өкізілді.
❇️Кештің шымылдығын ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан  қойылыммен бастап, артынша оқушылар ақынның жыр шумақтарынан шашу шашты.
❇️ Кешке арнайы шақырылған қонақ аудандық МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ дәстүрлі әншісі АХМАДИЕВ ДАНИЯР ҒАЛЫМБЕКОВИЧ  төрден орын алды. 
❇️Кеш қонағы оқушыларға тілек білдіріп,  сахнада ақынның әндерін орындап берді. 
❇️Кеш соңында мектеп оқушылары, мұғалімдері ақынның сөзіне жазылған өлеңдерін орындаса, мектебіміздің дарынды оқушысы Ельчибекова Ақпейіл Мұқағали Мақатаевқа арналған өз жырын көрерменге тарту етті.
❇️Тағлымды кеш барысында көрермен өткенге үңіліп, мектеп оқушыларының өнерін тамашалап жақсы әсер алды.

#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма