«START UP» КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСЫ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2025

«START UP» КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСЫ

«START UP» КОМАНДАЛЫҚ САЙЫСЫ 

🌐💡 «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Smart Bala» жобасын жүзеге асыру мақсатында 9-сынып оқушылары арасында
интеллектуалды бағыттағы «Start UP» ойыны өтті.

🏮Бұл шараның басты мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, инновациялық ойлау жүйесін дамыту және цифрлық сауаттылықты қалыптастыру болды 🔍.

💫Ойын барысында оқушылар өздерінің ерекше идеяларын ортаға салып, қоғамға пайдалы әрі заманауи жобаларын таныстырды. 

🔍Әр команда өз бағытында ерекше көзқарас пен ұжымдық жұмыстың тамаша үлгісін көрсетті.

💫Конкурс нәтижесінде командалар төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:
💙 Nova командасы – ЕҢ ЖАҚСЫ IT ИДЕЯ 
💚 Alga командасы – ЕҢ ПАЙДАЛЫ ЖОБА 
💛 Smart командасы – ЕҢ ӘДЕМІ МАКЕТ 
💜 Unity командасы – ЕҢ КРЕАТИВТІ ЖОБА 

💫Барлық командалар жоғары белсенділік пен ынта танытып, цифрлық болашаққа өз үлестерін қосты 🔥.

💫Мұндай байқаулар – оқушыларды жаңа технологияларды меңгеруге, жаңашыл болуға және болашақ мамандыққа дұрыс бағыт алуға жетелейді.
Өйткені шын мәнінде, «Цифрлық болашақ – біздің қолымызда!».

ЖАС ИННОВАТОРЛАРҒА ШАБЫТ ПЕН ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ 🚀!!!

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Абай180жыл_Абай_облысы_Жарма  
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма