ҚАҢТАР - ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ «Заң және тәртіп» айы аясында мектебімізде маңызды кездесу өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАҢТАР - ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ «Заң және тәртіп» айы аясында мектебімізде маңызды кездесу өтті.
29
январь
2026

ҚАҢТАР - ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ «Заң және тәртіп» айы аясында мектебімізде маңызды кездесу өтті.

⚖️ ҚАҢТАР - ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ 

➡️ «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айы аясында мектебімізде маңызды кездесу өтті.    
➡️ «ҚҰҚЫҚ және ТӘРТІП» фракциясының жетекшісі ЕСМҰРАТОВ АРМАН ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ ұйымдастыруымен 9 «А» «Жас Сарбаз» сыныбына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
➡️ Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар:
👤 ТУСУПБЕКОВ АЗАМАТ РУСЛАНҰЛЫ – Жарма аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері бойынша учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты.
👤 ҚОНАҚБАЕВА ЖАННА НҰРЛАНҚЫЗЫ – Жарма АПБ ҚҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы, полиция капитаны.
➡️ Кездесу барысында талқыланған негізгі тақырыптар:
🔹 Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;
🔹 Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік негіздері;
🔹 Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл;
🔹 Мектептегі қауіпсіздік және өзара сыйластық мәдениеті.
➡️ Тәртіп сақшылары оқушыларға заңды білу мен оны құрметтеу – әрбір «Адал азаматтың» міндеті екенін атап өтті. 
➡️ «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары өздерін мазалаған сұрақтарға тұщымды жауап алып, құқықтық кеңестермен танысты.
➡️ ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ – ТӘРБИЕ БАР!


#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы
#Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жарма
#Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жарма