БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2026

БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ

📌 БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ ӨТТІ

✅ Бүгін мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ; АДАЛ АЗАМАТ, ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ" тақырыбында бірыңғай  сынып сағаттары ұйымдастырылды.

✅ Сынып сағатының МАҚСАТЫ: білім алушылардың білім, адал еңбек, заңға бағыну, заңды бұлжытпай орындау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және белсенді азаматтық ұстаным Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен әрбір азаматтың әл-ауқатының негізі болып табылатынынын түсінуін қалыптастыру.

✅ Сабақ барысында оқушылар Конституцияның еліміздегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, Отанға деген сүйіспеншілік және азаматтық жауапкершілік туралы пікірлерімен бөлісті.

✅ Сонымен қатар, бірыңғай қауіпсіздік сабағы өткізіліп, «Төтенше қызмет нөмірлері» тақырыбы қарастырылды.
Қауіпсіздік сабағының мақсаты – төтенше жағдай кезінде көмекке жүгінетін жедел қызметтердің нөмірлерін ажырата білуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету.

✅ Бірлік пен жауапкершілікке негізделген мұндай сынып сағаттары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.