03
октябрь
2026
КҮШ - БІЛІМДЕ, БІЛІМ - КІТАПТА.
📚 КҮШ - БІЛІМДЕ, БІЛІМ - КІТАПТА.
📖 Мектебімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында мектеп кітапханашылары ЖҮНІСОВА АНАР АЛИМЖАНОВНА, ОМАРОВА МАХАБАТ ДАРХАНБЕКҚЫЗЫ және «ЗЕЙІН» клубы белсенділерінің ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесі бойынша әдеби-танымдық шара ұйымдастырылды.
📖Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, шығарманың терең мәнін ұғындырған шара бірнеше қызықты кезеңнен тұрды:
🔹 «Аянды сипаттау» — кейіпкер бейнесін ашу;
🔹 «Кейіпкерге хат» — Аянға өз ойларын хат арқылы жеткізу;
🔹 «Мен Аянның досы болсам...» — шығарма желісі бойынша көрініс көрсету;
🔹 «Шығарма сөйлейді» — сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін бекіту;
🔹 «Жусан иісі мен үшін...» — топтық жұмыс арқылы шығарманың тәрбиелік мәнін ашу.
📖 Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кейіпкерлердің тағдырына үңіле отырып, шығарманың адамгершілік, достық, мейірімділік пен елжандылық сияқты құндылықтарын таныды.
📖 Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байыта түседі.