18
ноябрь
2026
«КІТАП ОҚИТЫН ҰРПАҚ—ОЙЛЫ ҰРПАҚ»
📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰРПАҚ—ОЙЛЫ ҰРПАҚ»
📖 Бүгінгі таңда жастарды кітапқа баулу, саналы ұрпақ тәрбиелеу — басты міндеттердің бірі. Осы орайда "Кітап оқитын ұлт" жобасын және "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп кітапханашылары ЖУНУСОВА АНАР АЛИМЖАНОВНА мен ОМАРОВА МАХАБАТ ДАРХАНБЕКҚЫЗЫНЫҢ ұйымдастыруымен «ЗЕЙІН» клубы мүшелерінің қатысуымен ерекше тағылымды іс-шара өтті.
📖 Шара барысында қазақтың қабырғалы қаламгері Шерхан Мұртазаның жан тебірентерлік «Интернат наны» шығармасы талқыланып, оқушылар терең ой түйді.
Нанның қадірі, өткен күннің таршылығы мен адамгершілік құндылықтары туралы өрбіген әсерлі әңгімелер жас ұрпақтың жүрегіне жол тауып, ой сала білді.
КІТАП ОҚЫП, ОЙ ТҮЙІП, БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙЫҚ!
#МектепКітапханаларАйлығы2026
#МесячникШкольныхБиблиотек2026
#КітапОқуғаШақырамыз