Ақпарат » Страница 13 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖЕҢІСТІ КҮН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
28
сентябрь
2026
ЖЕҢІСТІ КҮН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
🎉 ЖЕҢІСТІ КҮН ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 📚 Білім беру мекемелерінің педагогтері арасында өткен «ТУҒАН ӨЛКЕҢДІ ТАНЫ – БЕЛСЕНДІ ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАС» атты аудандық туризм жарысында мектебіміздің құрама командасы жүделі ІІІ ОРЫНДЫ иеленді🏆 🥉! 📌 Бұл сайыс педагогтердің командалық рухын көтеріп, өзара ауызбіршілігі мен ұйымшылдығын арттыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған еді. Сайыс барысында мұғалімдеріміз шапшаңдық пен төзімділікті, достық пен өзара көмектің шынайы үлгісін көрсетті. 👏
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ
24
сентябрь
2026
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ
🍁 БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ 🍂  Мектебімізде мектепалды даярлық сыныбында "Берекелі алтын күз" атты ертеңгілік болып өтті. 🍂 МАҚСАТЫ: Балаларға күз мезгілі туралы түсініктерін молайту,табиғатты сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу. 🍂Тәрбиеші: СЕЙТХАНОВА АЙТОЛҚЫН МЕШЕТХАНОВНА
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ
24
сентябрь
2026
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ
🍁 БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ  🍂 Мектебімізде мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі КАУСОВА АРАЙЛЫМ АБАШКЕНОВНАНЫҢ ұйымдастыруымен "Берекелі алтын күз" атты сынып сағаты өткізілді. 🍂 Сынып сағатында балалармен "Жеміс-жидектерді жина", "Дәмін тап", "Жеміс-жидектер алаңы" ойындары ойнатылып тәрбиеленушілер жеміс -жидектер туралы жұмбақтар шешті.  🍂 Балалар тақпақтар, әндер айтып, іс-шара көңілді өтті.
КҮЗГІ КВЕСТ - "БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ"
24
сентябрь
2026
КҮЗГІ КВЕСТ - "БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ"
🍁 КҮЗГІ КВЕСТ - "БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ" 🍂Оқушылардың ұйымшылдығын, тапқырлығы мен жылдам ойларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, күз мезгілі туралы білімдерін ойын арқылы бекіту мақсатында 5-8 сынып оқушылары арасында "КҮЗГІ QUEST" ойыны ұйымдастырылды. 🍂 Оқушылар өзара бөлініп, топ құрды. Топтар түрлі бекеттерді нысаналы карта бойынша тауып, бекеттерде жасырылған қызықты тапсырмаларды орындап, келесіге өту арқылы "құпия  қазынаны" тапты.  🍂 Әр бекеттерден жұмбақтар шешу, қозғалмалы ойындар,
ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ
24
сентябрь
2026
ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ
📌ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫН ӨТТІ ✅ Мектебімізде 6 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткізілген «ТІЛДІК ДЕТЕКТИВ» викториналық ойыны қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. ✅ Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.  Ойын қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 6 «Ә» сыныбының «The Solvers Team» командасы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды!
ЕҢБЕК КҮНІ.  Тіршіліктің тұтқасы - еңбек
24
сентябрь
2026
ЕҢБЕК КҮНІ. Тіршіліктің тұтқасы - еңбек
📌 ЕҢБЕК КҮНІ. Тіршіліктің тұтқасы - еңбек  🔅 Бүгін мектебімізде ЕҢБЕК КҮНІНЕ орай СУЛЕЙМЕНОВА ГУЛЬДАНА ТОКТАРХАНОВНА мен АЙТКЕНОВА НУРСУЛУ ДУЛАТОВНАНЫҢ  ұйымдастыруымен “БОЛАШАҚ  МАМАНДЫҚТАРЫ” атты жәрмеңке өтті.  🔅 МАҚСАТЫ: оқушыларға әртүрлі мамандық иелерінің еңбек жолы мен кәсіби қызметі туралы мағлұмат беру, әр еңбектің қоғам үшін маңызын түсіндіру, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу және оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға деген қызығушылығын арттыру. 🔅 ӘР МАМАНДЫҚ МАҢЫЗДЫ-ӘР
МАYAК ТV –мен «ШАЙ» АЙДАРЫ
24
сентябрь
2026
МАYAК ТV –мен «ШАЙ» АЙДАРЫ
☕ МАYAК ТV –мен «ШАЙ» АЙДАРЫ 📍 Қандай қызмет болмасын, оның артында үлкен жауапкершілік, ұқыптылық пен маңдай тер жатыр. Осындай қарапайым еңбекті қадірлеу – еңбек адамына деген құрметтің белгісі. 📍Мектебімізде ЕҢБЕК КҮНІНЕ  орай «МАЯК ТВ»–мен «Шай» айдарына арнайы қонақ шақырылды. 📍 Біздің студияда  еңбексүйгіштік, жауапкершілік және өз ісіне адал, Адал азаматтың басты қасиеттерінің иесі, үздіксіз еңбегімен ұжымның құрметіне бөленіп жүрген директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
"КҮЗ АРУЫ-2026" БАЙҚАУЫ ӨТТІ
24
сентябрь
2026
"КҮЗ АРУЫ-2026" БАЙҚАУЫ ӨТТІ
🍁🍁🍁 "КҮЗ АРУЫ-2026" БАЙҚАУЫ ӨТТІ 💥 Мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында әдемі, өнерлі, алғыр қатысушыларымыз бақ сынаған "КҮЗ АРУЫ-2026" байқауы өтті. 💥 Қатысушылар өздерін таныстырып,  күзгі сән үлгілерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.  💥 Әсем киімдер, әсерлі қойылымдар мен көркем өнерлер байқауға ерекше көрік берді.  💥 Барлық қатысушыларды жетістіктерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ және шығармашылық табыс тілейміз! 💫ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ! 🍁🍁🍁КОНКУРС "МИСС
БҮГІНГІ КҮНГЕ MAYAK TV-дың СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ЖЕМІС-ЖИДЕК, КӨКӨНІСТЕР ШЕРУІ
24
сентябрь
2026
БҮГІНГІ КҮНГЕ MAYAK TV-дың СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ЖЕМІС-ЖИДЕК, КӨКӨНІСТЕР
📹 БҮГІНГІ КҮНГЕ MAYAK TV-дың СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  📸 "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен 2-4 сынып оқушыларына арналған  дәстүрлі "КҮЗГІ АСАР" жәрмеңкесіндегі ЖЕМІС-ЖИДЕК, КӨКӨНІСТЕР ШЕРУІНЕН үзінді. 📸 MAYAK TV жетекшісі МИРА ЕРЖАНҚЫЗЫ.
БҮГІНГІ КҮНГЕ MAYAK TV-дың СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
24
сентябрь
2026
БҮГІНГІ КҮНГЕ MAYAK TV-дың СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
📹 БҮГІНГІ КҮНГЕ MAYAK TV-дың СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  📸 "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен 2-4 сынып оқушыларына арналған  дәстүрлі "КҮЗГІ АСАР" жәрмеңкесіндегі әкелер арасында "КҮЗГІ ЭСТАФЕТА" жарысынан үзінді. 📸 MAYAK TV жетекшісі МИРА ЕРЖАНҚЫЗЫ.