Ақпарат » Страница 10 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ҰСТАЗ САЛҒАН ДАҢҒЫЛ ЖОЛ: ТҮЛЕКТЕР ҮНІ"
30
сентябрь
2026
"ҰСТАЗ САЛҒАН ДАҢҒЫЛ ЖОЛ: ТҮЛЕКТЕР ҮНІ"
🌷 "ҰСТАЗ САЛҒАН ДАҢҒЫЛ ЖОЛ: ТҮЛЕКТЕР ҮНІ"  🩷 Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, 5 қазан – Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі жоспары негізінде «ҰСТАЗ САЛҒАН ДАҢҒЫЛ ЖОЛ: ТҮЛЕКТЕР ҮНІ» челленджі  аясында мектебіміздің белсенді түлегі, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің II курс студенті АҚАНТАЙ ИНАБАТ өз ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жолдады.  🩷 Ұстазға деген құрмет – жылдар
«БІР КІТАП – БІР ОЙ»
30
сентябрь
2026
«БІР КІТАП – БІР ОЙ»
📖 «БІР КІТАП – БІР ОЙ»  📚 Мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқыған шығармаларынан алған әсері мен түйген ойларын ортаға салу мақсатында «БІР КІТАП – БІР ОЙ» атты танымдық іс-шара өтті. 📚 Оқушылар сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, шығармалардың адам өміріне берер тағылымын талқылады.  📚 Әр оқушы кітаптан өзіне керекті бір ойды түйіп, әдебиеттің адам жанын байытатын құндылығын сезінді. БІР КІТАП – БІР ОЙ. БІР ОЙ – ЖАҢА
«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ
30
сентябрь
2026
«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ
🌐 «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ  ⚜️ Мектебімізде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тілге құрмет» акциясы өтті. ⚜️ Акция барысында оқушылар тілге деген қызығушылықтарын арттырып, еліміздің тілдік және мәдени әралуандығы туралы білімдерін толықтырып, танымдық әрі шығармашылық іс-шараға белсене қатысты. ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ!
«БІР КҮН – БІР ӨРІМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
30
сентябрь
2026
«БІР КҮН – БІР ӨРІМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
🌸 «БІР КҮН – БІР ӨРІМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ  ⚜️ Мектебімізде  ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отырған «БІР КҮН – БІР ӨРІМ» челленджі 2 «Б» сыныбында жалғасын тапты. ⚜️ Сынып жетекшісі ДАВИДЕНКО ТАТЬЯНА ВЛАДИМИРОВНАНЫҢ ұйымдастыруымен 2 «Б» сынып оқушылары халқымыздың ежелден келе жатқан шаш өру дәстүрін насихаттап, оның тәрбиелік мәніне назар аударды. ⚜️ Жалпы шаш өру — қыз баланың көркі ғана емес, ұқыптылыққа, тазалыққа, әсемдікке тәрбиелейтін ұлттық
«БІР КҮН – БІР ӨРІМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
30
сентябрь
2026
«БІР КҮН – БІР ӨРІМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
🌷 «БІР КҮН – БІР ӨРІМ» ЧЕЛЛЕНДЖІ  ⚜️ Мектебімізде ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында «БІР КҮН – БІР ӨРІМ» челленджі ұйымдастырылды. ⚜️ Челленджге 3 “б” сынып оқушысы МҰРАТ АСЫЛЫМ белсенді қатысып, әсем шаш үлгісін көрсетіп, ұлттық дәстүрге деген құрметін танытты. ӘР ӨРІМДЕ – ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР, ӘР ӘСЕМДІКТЕ – ТӘРБИЕ🌸!
«АУАНЫ ЛАСТАМАҢЫЗ!» ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ
30
сентябрь
2026
«АУАНЫ ЛАСТАМАҢЫЗ!» ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ
🌿 «АУАНЫ ЛАСТАМАҢЫЗ!» ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ 🌿 🌱 Таза ауа — денсаулық кепілі, табиғаттың баға жетпес байлығы.  Ауаны ластамай, қоршаған ортаны бірге қорғайық!  🌍 Мектебіміздің «ЖАСЫЛ КЛУБ» үйірмесі баршаңызды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және ауаны таза ұстауға шақырады! 👩‍🏫 Үйірме жетекшісі: ҚАБЫЛБАЕВА АЙДАНА ӘДІЛҒАЗЫҚЫЗЫ  🌱 Ауаны ластамаңыз — табиғатты қорғаңыз!
ҮШ ТІЛДЕ ӨТКЕН КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
30
сентябрь
2026
ҮШ ТІЛДЕ ӨТКЕН КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
🌍 ҮШ ТІЛДЕ ӨТКЕН КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС  🔔Мектебімізде тілдер күні айлығы аясында  оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «ПОЛИГЛОТ» атты көңілді үзіліс ұйымдастырылды. 🔔 Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызықты тапсырмалар орындап, жұмбақтар шешіп, сөздердің аудармасын тауып, өз білімдерін ортаға салды.  🔔 Көңілді үзіліс оқушыларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлап, қызықты әрі пайдалы өтті. ✨ ҮШ ТІЛ – ҮШ ӘЛЕМ, ҮШ ТІЛ – ҮШ МҮМКІНДІК!
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ. Мектептегі алғашқы қадам
30
сентябрь
2026
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ. Мектептегі алғашқы қадам
🌟 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ. Мектептегі алғашқы қадам  ✅ Мектебімізде 1-сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуін анықтау және психологиялық қолдау көрсету мақсатында арнайы диагностика мен ойын-жаттығулар өткізілді.  ✅ Мектеп психологы УРАНОВА ТОҒЖАН СКАКҚЫЗЫ және әлеуметтік педагог ТЮЛЕГЕТАЕВА АСЕЛ ЖЕНИСПЕКОВНА оқушылармен «Танысайық!», «Көңіл-күйім қандай?», «Жылы сөздер» жаттығуларын ұйымдастырды. ✅ Балалар белсенді қатысып, өз көңіл-күйлері мен ойларын еркін жеткізді.  🌈 АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ –
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ. 5-сынып оқушыларының бейімделуі
30
сентябрь
2026
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ. 5-сынып оқушыларының бейімделуі
🌟 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ. 5-сынып оқушыларының бейімделуі ✅ Мектебімізде 5-сыныпқа қадам басу – оқушы өміріндегі жаңа кезең. Жаңа пәндер, мұғалімдер мен талаптарға бейімделу маңызды.  ✅ Осыған орай 5-сынып оқушыларына психологиялық диагностика және ойын-жаттығулар өткізілді. 👩‍🏫 Мектеп психологы УРАНОВА ТОҒЖАН СКАКҚЫЗЫ және әлеуметтік педагог ТЮЛЕГЕТАЕВА АСЕЛ ЖЕНИСПЕКОВНА: 🔹 «Менің көңіл-күйім» 🔹 «Бір-бірімізді танимыз» 🔹 «Достық шеңбері» жаттығуларын ұйымдастырды. 💛 Жылы қарым-қатынас – сенімді
"ЖАС ҰЛАН" - ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР БӘЙГЕСІ!
30
сентябрь
2026
"ЖАС ҰЛАН" - ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР БӘЙГЕСІ!
📌 "ЖАС ҰЛАН" - ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР БӘЙГЕСІ! 💫 2026 жылдың 19-27 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысында өткен "ЖАС ҰЛАН" әскери-спорттық ойынының Республикалық финалына қатысушы мектебіміздің "АҚ БӨРІ" командасын қарсы алу сәтінен үзінді.